Г. К. Андабаева КӘсіпорын экономикасы


Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын



бет2/27
Дата05.05.2023
өлшемі178,05 Kb.
#90576
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын





    1. Кәсіпорын сипаттамасы мен түрлері

Кәсіпорын – заң тәртіптері бойынша тіркеуден өткен, мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету арқылы пайда табуға жүйелі түрде бағытталған кәсіпкерлік қызмет субъектісі.
Шаруашылық етудің нарықтық жүйесі жағдайында кәсіпорын оның негізгі буыны болып табылады. Ол ұлттық шаруашылықтың іскерлік белсенділігін анықтайды, осында өнім жасап шығарылады және қызметкер мен капиталдың тікелей байланысы жүзеге асырылады. Кәсіпорында білікті мамандар, кадрлар жұмылдырылған, ресурстарды үнемді пайдалану және өтімділгі жоғары техника мен технологияны пайдалану мәселелері шешіледі. Сонымен қатар, кәсіпорын жұмыс орындарын қалыптастыра отыра, тұрғындардың жұмыспен қамтылыуын қамтамасыз етеді, салықтарды төлеу арқылы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысады.
Кәсіпорын – сұранысқа қажетті өнім өндіру, жұмыстарды орындау және қызмет түрлерін көрсету үшін материалдық және ақпараттық ресурстарды пайдаланатын жан-жақты шаруашылық субъект. Ол өз қызметімен жеке дербес түрде айналысады, салықтар, басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайда мөлшерін өзі бөледі, яғни кәсіпорын жеке дербес тауар өндіруші болып табылады.
Кәсіпорын сипаттамасы оның нарықтық қатынастардағы жеке субъект ретінде бөліп көрсететін негізгі белгілерін анықтайды:

  • өндірістік-техникалық бірлік – технологиялық бірлікті иеленетін өндіріс қорларының кешенімен және өндірістік үрдістердің жеке кезеңдерінің өзара байланысымен анықталады, олардың нәтижесінде кәсіпорында қолданылатын шикізат пен материалдар дайын өнімге айналады, яғни бұл өндіріс, капитал, технология үрдістерінің бірлігімен сипатталады;

  • ұйымдастырушылық бірлік бойынша кәсіпорын – бұл өзінің ішкі құрылымы мен басқару тәртібі бар ұйымдасқан ұжым болып табылады;

  • экономикалық дербестік - материалдық, қаржы, техникалық ресурстары, сонымен бірге қызметтің экономикалық нәтижелерінің (өткізілген өнім көлемі, рентабельділік деңгейі, пайда және т.б.) бірлігімен сипатталады;

  • әлеуметтік бірлік мазмұны мынада: кез-келген кәсіпорын бұл нақты әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен мүдделермен

байланысқан түрлі біліктілігі бар адамдар ұжымы болып табылады, ал пайда табу барлық ұжымның қажеттіліктерін (материалдық және рухани) қанағаттандырудың негізі болып табылады.
Кәсіпорын тек экономиканың шаруашылық субъектісі ғана емес, сонымен бірге ол заңды тұлға. ҚР Азаматтық кодексінің 33- бабына сәйкес заңды тұлға болып табылатын ұйым:

  • меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар;

  • сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап береді;

  • өз атауынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады;

  • сотта талапкер және жауапкер бола алады;

  • дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.

Заңды тұлға өз қызметін жарғысы және құрылтай шарты негізінде, немесе егер заңды тұлғаны бір тұлға құрған болса, жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресімделген шешімі негізінде жүзеге асырады.
Барлық заңды тұлғалар қызмет ету мақсаттарына байланысты:

  • коммерциялық ұйым – қызметінің негізгі мақсаты табыс келтіруді көздейді;

  • коммерциялық емес ұйым - қызметінің негізгі мақсаты пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым.

Қолданылатын шикізат сипатына байланысты:

  • өндіру өнеркәсібінің кәсіпорындары;

  • өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары болып бөлінеді.

Халық шаруашылықтың ірі салалары шағын, мамандандырылған салалардан тұрады. Мысалы, өнеркәсіп екі үлкен мамандандырылған салаларға бөлінеді: өндіру және өңдеу. Өңдеу өз алдына жеңіл, тамақ, ауыр өнеркәсіп және т. б. болып бөлінеді.
Осындай жағдайда халық шаруашылығында кәсіпорынның салалық құрамының екі анықтамасы қолданылады: әкімшілік- ұйымдастырушылық, және өнімдік. Бірінші жағдайда кәсіпорын қызметінің негізгі түрі мен қандай-да бір салаға жатқызылуын ескереді. Мысалы, машина жасауға қажетті өнімдерді өндіретін кәсіпорын әкімшілік жағынан байланысы бар салада есепке алынады (мысалы, кен өндіру).
Екінші белгіге сәйкес сала өнімінің әр түрі бойынша өндіріс құрылымы мен көлемі анықталады. Бұл жағдайда барлық машина жасау кәсіпорындары мен цехтары әкімшілік бағыныштылыққа
қарамастан машина жасау саласына жатады, тасымалдау - транспорт саласына, құрылыс - құрылыс саласына жатады және т. б.
Тәжірибеде қандай-да бір кәсіпорынның қандай салаға жататынын нақты анықтау мүмкін емес, өйткені олардың көпшілігінің салааралық құрылымы болады.
Салааралық құрылымы бойынша кәсіпорындар «тар» мамандандырылған , көп профилді және аралас болып бөлінеді:

  • «тар» мамандандырылған – жаппай немесе ірі сериялы өндіріс өнімдерінің шектеулі ассортиментін шығаратын кәсіпорындар (шойын, ет, бидай өндірісі және т.б.);

  • көп профилді кәсіпорындар түрлі жағдайда пайдаланылатын және кең ассортиментті өнімдерді шығарады. Өнеркәсіпте олар бір уақытта теңіз кемелерін, жеңіл көліктерді, компьютерлерді дайындауға мамандандырылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығында – бидай, жеміс-жидек, малдарды өсіру және т.б.;

- аралас кәсіпорындар шикізаттың немесе дайын өнімнің бір түрін параллель немесе тібектей түрде басқа түрге, үшінші бір түрге және т.б. ауыстырады.
Қызмет сипатына байланысты:

  • өнеркәсіптік;

  • өндірістік;

  • сауда;

  • транспорттық;

  • инвестициялық және т.б. кәсіпорындар болып бөлінеді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет