Г. К. Андабаева КӘсіпорын экономикасы


Кәсіпорын құрылымы және оны басқару



бет3/27
Дата05.05.2023
өлшемі178,05 Kb.
#90576
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Кәсіпорын құрылымы және оны басқару


Кәсіпорын құрылымы – бұл бүтін шаруашылық объектіні құрайтын ішкі буындардың: цехтар, учаскелер, бөлімдер, лабораториялар және басқа да бөлімшелердің құрамы мен ара- қатынастары. Оның жалпы, өндірістік және ұйымдық құрылымы болады.
Кәсіпорынның жалпы құрылымы - өндірістік бөлімшелер мен қызметкерлерге қызмет көрсететін бөлімшелер кешенін және сонымен бірге кәсіпорынның басқару аппаратын қамтиды. Кәсіпорынның жалпы құрылымы бөлімшелердің орналасқан жерлерінің ауданы, қызметкерлер саны мен өткізу қабілеті (қуаты) бойынша өзара байланыстары және ара-қатынастарымен сипатталады. Өндірістік бөлімшелерге технологиялық мақсаттар үшін түрлі энергия өндірілетін, пайдалану процесінде бұйымдар жөндеуін қамтамасыз ететін қосалқы бөлшектер, материалдар мен жартылай фабрикаттар, негізгі өнім өндіріліп, сынақтардан өткізілетін лабораторияларды, учаскелерді, цехтарды жатқызуға болады. Қызметкерлерге қызмет көрсететін бөлімшелерге жататындар: тұрмыстық-коммунальды бөлімдер, олардың қызметтері, асханалар, буфеттер, бала-бақшалар, санаториялар, спорт қоғамдары және т.б.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы - өндірістік үрдісті ұйымдастыру нысаны және кәсіпорын мөлшері, цехтар мен қызмет көрсету түрлерінің көлемі, құрамы мен үлестік салмақтары, олардың араласуы, сонымен бірге цех ішіндегі өндірістік учаскелер мен жұмыс орындардың құрамы, саны мен орналасуы туралы мәліметтермен сипатталады.
Цехтар мен учаскелердің келесі түрлері бар:

  • негізгі;

  • қосымша;

  • қызмет көрсететін;

  • қосалқы.

Негізгі цехтарда шикізат пен материалдарды дайын өнімге айналдырудағы өндірістік үрдістің нақты кезендері жүзеге асады. Негізгі цехтардың түрлері: 1) дайындау, 2) өңдеу; 3) шығару. Қосымша цехтардың мақсаты - негізгі өндіріс цехтарының үздіксіз дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Оларға жататындар: жөндеу, энергетикалық, слесарлық-жөндеу, инструменталды және т.б. Қызмет көрсететін цехтардың атқаратын қызметтері: өнімді сақтау, шикізатты, материалдар мен дайын өнімді тасымалдау және т.б. Қосалқы цехтар қалдықтарды қайта өңдеумен айналысады.
Негізгі цехтар мен өндірістерді құру үш негізгі бағыт (қағида) бойынша жүргізіледі:

  • технологиялық - түрлі бұйымдарды дайындаудың технологиялық үрдісінің біртектілік белгісі бойынша цехтар мен учаскелер қалыптасады;

  • заттық (өнімдік) - өнімнің нақты түрін шығару бойынша жұмыс орындарды, учаскелер мен цехтарды бірлестіреді;

  • аралас – дайындау цехтары мен учаскелері технологиялық қағида бойынша, ал шығару (өндіру) цехтары мен учаскелері – заттық (өнімдік) қағида бойынша құрылады.

Кәсіпорынның құрылымдық өндірістік бірлігінің негізі өндірістік учаске болып табылады. Өндірістік учаске – бірдей немесе біртекті өнімді өндіру технологиялық жағынан бірдей немесетүрлі операциялар орындалатын жұмыс орындарының жиынтығы. Жұмыс орын - жұмысшы немесе жұмысшылар тобы өндіріс үрдісінде қызмет көрсету және өнім өндірудің жеке операциялары жүзеге асырылатын (орындалатын) өндіріс ауданының бір бөлігі.
Учаскелердің саны, құрамы мен олардың арасындағы қарым- қатынастарды ірі өндірістік бөлімшелер – цехтар құрайды. Кәсіпорынның негізгі өндірістік бірлігіне байланысты өндірістік құрылымның түрлері:

  • цехсіз (учаске);

  • цехты (цех) ;

  • корпусты (корпус) ;

  • комбинатты (өндіріс, мыс, тігін фабрикасы).

Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы – бұл басқару аппараты бөлімшелері және олардың өзара байланыстары мен өзара бағыныштылығының құрамы. Кәсіпорынның басқару аппараты – басқарушылық шешімдерді дайындауға және оны жүзеге асыруға жауапкершілік жүктелген басшылар мен мамандар тобы. Басқару аппаратының ұйымдық құрылымы бірнеше буын сандарымен сипатталады, көбіне үш буынды жүйе қолданылады: президент (директор, басқарушы) – цех (бөлім) басшысы – мастер (бригадир). Әрқайсы өзіне жүктелген жұмыс учаскесіне жауапты болады. Басқару құрылымының түрлері: сызықты, функциональды, сызықты- функциональды, сызықты-штабы, өнімдік, дивизиональды, жобалық, матрицалық, бағдарламалы-мақсатты, бригадалық, төңкерілген пирамида түріндегі басқару құрылымы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет