Негізгі қорлар түсінігі, құрылымы және оны бағалау
Негізгі қорлар (негізгі капитал) - өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы қызмет ететін және осы уақыт ішінде өздерінің натуралды- заттық формасын сақтап және өз құнын дайын өнімге тозу мөлшеріне байланысты бөлшектеп, біртіндеп амортизациялық аударымдар түрінде аударатын өндірістік, материалды-заттық құндылықтар жиынтығы. Негізгі қорлар негізгі өндірістік және негізгі өндірістік емес қорлар деп екіге бөледі (сурет 1).
Негізгі өндірістік қорларға өндірістік үрдіске тікелей қатысатын (қондырғылар, станоктар және т.б.) немесе өндірістік үрдіске қажетті жағдайлар туғызатын (өндірістік құрылыстар, ғимараттар және т.б.) негізгі қорлар жатады. Негізгі өндірістік емес қорлар – бұл ұйым балансындағы тұрғын үйлер, бала-бақшалар мен спорт клубтары, және т.б. мәдени-тұрмыстық сипаттағы объектілер.
Негізгі қорлар иелеріне байланысты сол ұйымға немесе басқа шаруашылық органына жататын жеке меншік және аренда құқында уақытша пайдаланылатын жалға алынған негізгі қорлар деп бөлінеді.
Негізгіөндірістікқорлар
меншік құқы негізінде кәсіпорынның иесіндегі жер учаскелер мен табиғатты пайдалану объектілері (су, жер қойнауы, басқа да табиғи ресурстар);
құрылыстар (өндірістік-техникалық, офистер және т.б.);
ғимараттар (өндірісті қамтамасыз ететін инженерлік-құрылыс объектілері);
табыстау қондырғылары (электр желілері, жылу жүйесі);
машиналар мен жабдықтар;
өлшегіш және реттегіш приборлар мен лабораториялық қондырғылар мен құралдар;
есептегіш техника;
транспорттық құралдар (ішкі және сыртқы өндірістік);
инструмент;
өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар;
жұмыс және өнімді мал;
көпжылдық егістер және т.б.
Негізгі қорлардың активті бөлігі (машиналар мен жабдықтар, транспорттық құралдар, инструменттер және т.б.)
Негізгі қорлардың пассивті бөлігі (құрылыстар мен ғимараттар)
Негізгі қорларды тиімді басқаруда оларды бағалаудың мәні зор. Тәжірибеде негізгі қорларды есепке алып, талдауда натуралды және ақшалай түрде бағалайды. Негізгі қорларды натуралды түрде есепке алу олардың техникалық жағдайын, кәсіпорынның өндірістік қуатын, жабдықтарды пайдалану дәрежесін анықтау және басқа да мақсаттар үшін қажет. Осы мақсатта жабдықтарды инвентаризациялау және паспортизациялау, оның шығарылғандығы және енгізілгендігі туралы есептер жүргізіледі. Негізгі қорларды есепке алудың ақшалай формасы алты бағыт бойынша жүргізіледі (кесте 1).
Кесте 1 – Негізгі қорларды ақшалай бағалау