Г. К. Андабаева КӘсіпорын экономикасы


Негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері



бет7/27
Дата05.05.2023
өлшемі178,05 Kb.
#90576
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
Ã. Ê. Àíäàáàåâà Ê?ñ³ïîðûí ýêîíîìèêàñû

Негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері


Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады.
Қондырғыларды пайдаланудың экстенсивті коэффициенті (Кэкст.) қондырғы жұмысының нақты уақытының жоспарлы уақытына қатынасымен анықталады, яғни


Кэкст. = tқонд. н. / tқонд. ж., (2.3)


мұндағы

tқонд. н.

-

құрал-жабдықтар жұмысының нақты уақыты,
сағат;




tқонд. ж.

-

норма бойынша құрал-жабдықтар жұмысының
уақыты, сағат.

Қондырғыны пайдаланудың интенсивті коэффициенті – негізгі технологиялық қондырғылардың нақты өнімділігінің нормативті өнімділігіне қатынасымен анықталады. Бұл жағдайда келесі формула қолданылады


Кинт. = Өқонд. н. / Өқонд.ж. , (2.4)



мұндағы

Өқонд. н.

-

уақыт бірлігінде қондырғымен өндірілген
нақты өнім көлемі;




Өқонд. ж.

-

уақыт бірлігінде қондырғымен өндірілетін өнім көлемі (қондырғының паспорттық
мәліметтерінің негізінде анықталады).

Қондырғыны пайдаланудың интегралды коэффициенті (Кинтегр) - қондырғыны пайдаланудың интенсивті және экстенсивті коэффициентінің көбейтіндісі арқылы анықталады және негізгі қорды уақыт және қуат бойынша кешенді пайдалануды сипаттайды


Кинтегр = Кэкст Кинт (2.5)

Бұл көрсеткіштің мәні әрқашанда қалған екі көрсеткіштер мәнінен әлдеқайда төмен, өйткені ол қондырғының интенсивті және экстенсивті пайдалану кемшіліктерін бірдей ескереді.


Қор қайтарымдылық – негізгі қор құнының әр бір теңгесіне шаққандағы өндірілген өнім көрсеткіші. Оның көлемі негізгі қорлардың дерлік барлық топтары қаншалықты тиімді пайдаланылғандығын көрсетеді. Келесі формуламен анықталады

ҚҚ =ЖӨ / НҚорт.ж., (2.6)





мұндағы

ҚҚ

-

қор қайтарымдылығы, теңге;




ЖӨ

-

өндірілген тауарлы (жалпы) өнімнің жылдық
көлемі, теңге;




НҚорт.ж.

-

негізгі қорлардың орташа жылдық құны, теңге.

Өнімнің қор сыйымдылығы – қор қайтарымдылығына кері мөлшер. Өндірілген өнімнің әр бір теңгесіне шаққандағы негізгі қорлар құнының үлесін көрсетеді. Егер қор қайтарымдылығы жоғарлаған жағдайда еңбек сыйымдылығы төмендейді


ҚС = НҚорт.ж. / ЖӨ (2.7)


Еңбектің қормен жарақтандыру көрсеткіші негізгі қорлар құнының кәсіпорын жұмысшылар санына қатынасы арқылы анықталады


ҚЖ = НҚорт.ж. / С (2.8)




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет