Дәрілердің әсері оның қасиеттеріне байланысты Химиялық құрылысына байланысты, химиялық құрамы бірдей дәрілердің фармокологиялық әсерлеріде бірдей. Сондықтан дәрілердің сыныпталуы химиялық құрылысына байланысты.
Физико-химиялық қасиетіне байланысты. Мысалы, суда, майда жақсы еруіне, ұшқыштығына, ұсақтылығына, әлектролит диссоциясына байланысты.
М өлшеріне байланысты. Дәрілердің мөлшерін көбейткенде әсері күшейеді, дәрілер белгілі бір мөлшерде қолданады: бір мөлшерде, немесе тәулік бойы қолдану, емдеу ұзақтылығына қолданатын мөлшерде. Адам уланатын мөлшер - уландырғыш, мерт болатын мөлшер - өлтіретін деп аталады. Кішігірім терапиялық мөлшермен уландырғыш мөлшердің айырмашылығы терапиялық әсер ету кеңдігі деп аталады.
Мөлшердің турлері а) Жоғары бір мөлшер (ЖБМ) – 1 рет қолданатын мөлшер
б) Жоғары тәулік мөлшер (ЖТМ) – тәулік бойы
қолданатын мөлшер
в) соққы мөлшер (ударная доза) 2-3 рет қолданатын бір мөлшерге сәйкес, аурудың бастамасында қолданады әсіресе жұқпалы ауруларды емдеуге
д) бүкіл емдік мерзімге тағайындалатын мөлшер (курсовая доза)
Дәрілік заттарды әрбір қолданғанда олардың ең жоғарғы мөлшері (максимальдық мөлшері), ең төменгі (минимальдық) мөлшері және орташа (үйлесімдік — оптимальдық) мөлшерін ескеріледі. Себебі, барлық мөлшерлерде дәрілік заттар бір бағытта әсер береді де, мөлшері көбейген сайын әсер күші де ұлғая түседі. Дәрілердің минимальдық мөлшері организмде өте әлсіз өзгерістер туғызады, ал оны екі есе азайтқан жағдайда олар тиімді әсер бермейді. Максимальдық мөлшерлер өте күшті өзгерістер туғызады, оны азғана көбейту реттелінуші қүбылыстардың бүзылуына әкеліп соқтырылады. Егер қолданылушы дәрілік зат белгілі бір мөлшерде айқын, әрі тиімді әсер берсе, ондай мөлшерді оптимальді мөлшер деп атайды. Организмде болатын дәрілік заттардың мөлшеріне байланысты өзгерістер әртүрлі бағытта жүреді.