Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Дәрілерді бірге қолданғандағы әсері



бет19/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   153
Дәрілерді бірге қолданғандағы әсері
Екі немесе оданда көп дәрілерді бірге қолданса олардың әсері күшейеді немесе азайуы мүмкін. Егер бірге қолданғанда дәрілер бірінің әсерін бірі күшейтсе, бұл әсері синергизм деп аталады, ал бірге қолданғанда дәрілер бірінің әсерін бірі азайтса, бұл әсері антогонизм деп аталады.


Д әрілердің жағымсыз және уландырғыш әсерлері
Дәрілер емдік мөлшерде қолданғанда негізгі әсерімен бірге жағымсыз әсер туғызуы мүмкін, жағымсыз әсері 2 топқа бөлінеді:

  1. аллергиялық жағымсыз әсер

  2. аллергия жатпайтын жағымсыз әсер.

А ллергияға жатпайтын жағымсыз әсерлер әр дәріге өзіне тән болып келеді, дәрінің мөлшерін жоғарлатқанда күшейеді, өзіне сәйкес антогонистерімен басады. Аллергиялық жағымсыз әсер, әр дәріге тән емес және дозасын жоғарлатқанда өзгермейді, антогонист дәрілер баспайды, ал емі аллергияға қолданатын дәрілермен емделеді. Дәрілерді уландырғыш мөлшерде қолданса уланады, дәрінің уландырғыш әсері химиялық құрамында белгілі бір органдарды уландырғыш қасиетіне байланысты. Мысалы, кейбір дәрілер бауырға, бүйрекке, қанның құрылысына зақым тигізеді, сол сияқты ОЖЖ-ға, асқазан жүйесіне дәрілер зақым тигізеді,
12 аптаға дейінгі жүкті әйелдер қолданған дәрілер нәрестенің өсіп өнуіне әсер тигізіп балалар кеміс тууы мүмкін. Дәрінің бұл әсері - тератогендік әсер деп аталады.
Тақырып бойынша өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар
Бақылау сұрақтары
1. Қандай жолдар энтералдыға жатады?
2. Қандай жолдар парэнтералдыға жатады?
3. Тіл астына қолданатын дәрілердің әсері қалай болады?
4. Бұлшықетке еңгізудің, әдісімен, тәртібі?
5.Дәрілердің ағзада таралу жолдары?
6. Фармакодинамика дегеніміз не?
7. Фармакокинетика дегеніміз не?
8. Дәрілердің ағзада таралыу және сіңіуі?
9. Не себептен бауыр ауырған жағдайда, дәрілердің әсерлері өзгереді?
10. Дәрілердің әсер ету түрлері?
11.Дәрілердің мөлшерінің түрлері?
12. Дәрілердің әсері оның қасиеттеріне қалай байланысты?
13.Дәрілерге үйреншік, дағдылану, құмартушылық деген не?
14.Кумуляция, синергизм, антогонизм деген не?
15. Жағымсыз әсердің уланудан қандай айырмашылығы бар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет