Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Бүкіл ішек бойына әсер ететін дәрілер



бет71/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   153
1. Бүкіл ішек бойына әсер ететін дәрілер
Тұзды іш өткізетін дәрілер.
Магния сульфат - Magnesii sulfas, шығу түрі: ұнтақ 30,0
Қ олдануы: танертең аш қарында, 1 ас қасық тұзды, жарты стакан суға ерітіп, ішу қажет
Ф армакологиялық әсері: тұзды іш өткізетін дәрілерді қолданғанда, асқазан ішек жолдарында Mg2+ SO42- иондарының үлкен концентрациясы жиналады, сондықтан осматикалық қысымды көтереді, ішектегі сұйықтық жай сіңеді, немесе тіптен сіңбейді. Сондықтан ішектің көлемі ұлғаяды, ішек ұзарады, рецепторлары тітіркеніп рефлекторлық жолмен ішектің құрамындағы заттардың жылжуын күшейтеді, тұзды іш өткізетін дәрілер токсикалық заттарды, ішек құртарын ағзадан шығарады.
Қолданылуы: уланғанда, ішек қатпасында, ішек құрттарын айдау үшін.
Қарсы көрсеткіші: бүйрек ауруларына, жас балаларға (3жасқа дейін)
Майсана майы (Кастор майы) – Olei Ricini; шығу түрі: қабық 1,0 N15, флакон 30-50,0; 15,0 н/е 15 қабықтан күніне 1 рет қолданады.
Әсері: 12елі ішекте, рецинол қышқылы бөлінеді, бұл қышқыл ішек рецепторларын тітіркендіріп, ішек перистальтикасын күшейтеді.
Қолданылуы: жедел іш қатпасында
Қарсы көрсеткіштері: жүкті әйелдерге, түсік туғызады

2. Тоқ ішек бойына әсер ететін дәрілер
Б ұл дәрілер өсімдіктен алынады,құрамында антрагликозидттер бар, олар тоқ ішек бойындағы рецепторларды тітіркендіреді, рефлекторлық жолмен ішектің қозғалу функциясын күшейтеді
Р амнил- Rhamnilum; шығу түрі: таб 0,05 N30, 2 табл, жатар алдында, созылмалы іш қатпасында қолданады
Сенаде – Senade; шығу түрі: таб 0,05 N50 1-2 таб. жатар алдында
Глаксенна (регулакс) - Glaxenna (Pegylax); таб N50 1-2 таб. жатар алдында
М усинум - Musinum – таб. таб N50 1-2 таб. жатар алдында
Кафиол - Cafiolum - брикет N6, 1брикетті жатар алдында (шайнап жылы сумен) ішу керек.
Созылмалы қатпаларда қолданылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет