бет 124/153 Дата 27.11.2023 өлшемі 6,73 Mb. #129748
Байланысты:
Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (о у ралы) 2019 ж (1)-1 Микроб қа қарсы дәрілер
Антисептикалық және залалсыздандыру
үшін қолданылатын препараттар
Жұқпалы ауруларды емдеуге және алдын ала сақтандыру үшін микробқа қарсы әсер ететін дәрілерді қолданады. Бұл дәрілер микробтардың өсіп-өнуіне кедергі жасап, оларды жояды.
Микробқа қарсы әсер ететін дәрілер үш топқа бөлінеді:
Антисептиктер
Дизенфекцияға қолданатын дәрілер
Химиотерапиялық дәрілер
- Антисептиктер терідегі: шырышты, қабатындағы, жарадағы қуыстарға микробтарға әсер етеді.
- Дизенфекцияға қолданатын дәрілер қоршаған ортадағы микробтарға әсер етеді.
- Химиотерапиялық дәрілер – адам организімдегі микробтарға әсер етеді. Микробқа қарсы қолданатын дәрілерді топқа бөлу, өйткені көп антисептик дәрілер , дизенфекция (зарарсыздандыру) үшін де қолдануы мүмкін.
Антисептиктер классификациясы
1. Галогендер: хлорамин –В, спирттегі йод ерітіндісі, хлорамин, дихлор, хлоргексидин.
2. Аромат тізімдегі туындылар: таза фенол , ихтиол
3. Алифат тізімдегі туындылар: этил спирті, формальдегид ерітіндісі, формидрон
4. Бояғыштар: бриллиант жасылы , этакридин лактаты, метилен көгі
5. Тотығыштыр: сутегі асқын тотығы, перманганат калий
6. Нитрофуран туындылары: фурациллин
7. Сілтілермен, қышқылдар: бор қышқылы, аммиак ерітіндісі.
8. Детергенттер: диоцид
9. Ауыр металлдардың тұздары: сынап дихлориді , күміс нитраты, проторгол, мырыш сульфаты, дерматол, ксероформ.
Галогендер
Хлорамин – Б (Chloaminum B) «Б» – тізімі,құрамында 25% актівті хлор бар 0,5% -1% ерітіндісі қолды , жараны жууға қолданады , 0,5% ерітіндісі металл емес инструменттерді дизенфекциялау үшін қолданады.1%-3% ерітіндісі ауруларға керек заттарды, аурудың дәретін дизенфекциялау үшін қолданады. Хлорамин, дихлор, жағымсыз иістерді жояды.
Й одтың спирттегі ерітіндісі – «Б» – тізімі. Solutio Iodi spirituosa, шығу түрі; 5% - 20 мл спирттегі ерітіндісі операция жасайтын жерді, хирургтін қолын, жараның шетін залалсыздандыру үшін қолданады, 5 % - 1 мл ампулада шығады
Достарыңызбен бөлісу: