Қолдануға болмайтын жағдайлар: ломефлоксацинге және басқа хинолондарға жоғары сезімталдық
5. Нитрофуран туындылары Кең колданатын препараттар: фурацилин – антисетик ретінде кқолданады, басқа препараттары микробтарға антибактериалдық әсер етеді
Фурагин –Furaginum, шығу түрі: табл. 0,05 N10 1таб күніне 2-3 рет (7-10 күндей)
Ф урадонин – Furadoninum, шығу түрі: табл. 0,05, 0,1 N10 1таб күніне 2-3 рет (7-10 күндей)
Фуразолидон – Furazolidonum, шығу түрі: табл. 0,05, N10 1таб күніне 2-3 рет (7-10 күндей)
грам+ және грам – кокктарға, ішек таяқшаларына, қарапайымдарға әсер етеді.
Қолдануы: зәр шығару органдарын, қабыну ауруларында: урегит, пиелонефрит, цистит және дизентерияда, сүзекте, трихомонадтық кольпитте.
Жағымсыз әсерлері: жүрек айныйды, тәбеті төмендейді, аллергиялық реакция. Жағымсыз әсері болмау үшін препараттарды тамақтан кейін, мол сумен ішкен дұрыс және димедрол, витаминдер қосымша беріледі.
Тақырып бойынша өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар Бақылау сұрақтары
1. Сульфаниламидтердің микробтарға әсер ету механизмі қандай?
2. Бисептол препаратының шығу түрі, қолдануы?
3. Көз ауруында қандай сульфаниламид препараты қолданады?
4. Сульфаниламид препаратырының жағымсыз әсерлері?
5 Фторхинолин туындыларының жіктелуі, әсер ету механизмі?
6. Қандай фторхинолин туындылары зәр жүргізу жолдарының ауруларында қолданады?
7. Қандай фторхинолин туындылары туберкулез ауруында қолданады?
8. Фторхинолин туындыларының қарсы көрсетілімі?
9. Нитрофуран туындыларына қандай препараттар жатады?
10. Нитрофуран туындыларын қандай жағдайда қолданады?
Туберкулезге, мерезге, вирусқа, саңырауқұлаққа және қарапайымдарға қарсы дәрілер.
Туберкулезге қарсы дәрілер Туберкулез қауіпті жұқпалы ауру, әсіресе жас балаларға қауіпті, туберкулез таяқшаларын ауру адам, жануарлар арқылы жұқтырады, көбінесе тыныс алу мүшелерін, т.б. ағзаларды зақымдайды. Туберкулездің қоздырғышын (микобактериясын) 1882 ж Роберт Кох ашқан, туберкулез ошағы өкпеде, лимфалық түйіндерде, көмекейде, сүйектерде, ішекте және т.б. ағзаларда пайда болуы мүмкін.Туберкулездің барлық түрінде, туберкулезге қарсы дәрілер қолданады, олар туберкулез микобактериясына бактериястатикалық әсер етіп , олардың өсіп-өнуін токтатады. Бірақ емдеу кезінде дәрілерге тұрақты микробтардың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін, сондықтан емді кешенді түрде бірнеше дәрілермен қосып емдеу қажет. Туберкулезді емдеу үшін кейбір антибиотиктер және арнайы препараттар қолданады, қолдану әдісіне қарай препараттар 2 топқа бөлінеді: