М ерезге қарсы дәрілер Бұл топтың дәрілері солғыш спирохета қоздыратын ауруларды емдеуге қолданады, мерез қауіпті жұқпалы венерологиялық ауру, ауру адамдар тізімге тұру қажет. Мерез ауруын емдеуге, барлық қалпында негізінен бензилпенициллин препараттары (бицилиндер), макролид, цефалоспорин топтары қолданады. Резерв препарат ретінде висмут препараттары қолданады, бірақ уландырғыш қасиеті жоғары.
Бийхинол-(Biiochinolum) – шығу түрі: флакон 100 мл б/е 3 күнде 1 рет, шайқап жылы түрінде, мерездің барлық түрлерін емдеу үшін қолданады.
Бисмоверол (Bismoverolum) – шығу түрі: флакон 100 мл б/е 3 күнде 1 рет шайқап жылы түрінде, еңгізу қажет.
Пенициллин, цефалоспорин антибиотиктерімен қосымша қолданады.
Жағымсыз әсері: Стоматит, гингивит, қызыл иекте боз жолақ пайда болады (сондықтан ауызды сумен жие шаю керек) бүйрек, бауырға, қанның құрамына әсер етеді.
Қарсы көрсеткіштері: қызыл иек қабынғанда, бүйрек, бауыр ауруларында.
Ішек құрттарына қарсы дәрілер Ішекте паразиттік тіршілік ететін құрттарды айдауға қолданады, құрттар 3 топқа бөліне
1. Дөңгелек құрттар (нематодтар)
2. Жалпақ құрттар (цестодтар)
3. Сорғыш құрттар (трематодтар)
Құрттар адам организмінде ішекте немесе ішектен тыс органдарда (бауырда, өтте, тері астында) болуы мүмкін, құрттарға қарсы дәрілер бірнеше талаптарды қанағаттандыру керек.
Ә сер ету спектрі кең болып бірнеше құрттарға әсер етуі қажет
Құрттарға әсер етіп, адам ағзасындағы ұлпаларға әсері аз болу қажет
Уландырғыш қасиеті төмен , ағзадан тез бөлініп шығуы қажет
Арнайы дайындықсыз қолданатын болуы қажет
Нематодарда қолданатын дәрілер жие кездесетін аурулар: асқаридоз (ішек жылан құрттары) және энтербиоз (кішкене ішек құрттары)
Препараттары:
Пиперазин адипинат–Piperazinum adipinas,шығу түрі: табл 0,2 N40, 10 таб күніне 2 рет
Құрттардың жылжу, жиырылу қасиетін салдандырады, ішектің (перисталтикасы) қоғалыс арқылы жылжып, тік ішек арқылы шығады, ағза тазарады.