Трихомонияздақолданылатын дәрілер Т рихомонияз – трихомонадтар қоздырғышы арқылы пайда болатын зәр және жыныс жолдарының ауруы, бұл ауру кезінде сырткы жыныс мүшелерінің аумағында қышу пайда болады, зәр шыққанда ауырсынады, жыныс мүшелерінен іріңді шығындылар шығады. Трихомониязды емдеуге трихомонадтарға қарсы сырттай және ішке ішуге тағайындалған, көптеген дәрілер қолданады. Бұл препараттарды ішке қолданғанда сіңгеннен кейін
Өзгермей бүйрек арқылы шығады және зәрде жинақталады, сол себептен ола зәр шығару төменгі бөлігінде орналасқан трихомонадтарға әсер етеді. Әйелдер трихомоназында препа- раттарды (ішке және қынапқа) бірге қосып қолдану тиімді, өйткені ішке қолданғанда олар қынаптың кілегей қабатындағы трихомонадтарға әсер етпейді.
Метронидазол –жедел және созылмалы трихомониязда 1 табл. 2 рет 10 күндей қолданады, әйелдерге балауыз тағайындалады 4-6 апта аралығында.
Фуразолидон- трихомонадтық кольпитте 2 табл күніне 3-4 рет 5-10 күн қолданады
Тинидазол- трихомониязда 2 гр. күніне 1 рет, тамақтан кейін.
Трихомонацид – Trichomonacidum. Шығу түрі:таблетка 0,05 N20, 2 табл. күніне 3 рет
3-5 күндей, балауыз 0,05 N10 1 балауыздан 1 рет, түнге қарай,трихомониязды емдеу үщін
Орнидазол(тиберал) – Ornidazolum, Tiberalum. Шығу түрі:таблетка 0,5 N20, 1 табл. күніне 3рет 5күндей. Қолдануы ә йелдер ж/е ерлер трихомониязын емдеу үшін, амебиязда, лямблиозда, операциядан кейін зақымданбану үшін.
Лямблиоз ауруларында қолданылатын дәрілер Лямблиоз – лямблилер (қарапайым класының паразиттері) туғызатын ауру. Лямблилер организмге жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда пайда болады. Олар ішекте, өт жолдарында паразиттік тірші лік етіп, знтериттер, энтероколиттер, холициститтер туғызады асқазан-ішек жолдарын, бауырды зақымдайды.
Лямблиозды емдеу үшін препараттарды әр түрлі ұзақтықтағы арнайы курспен тағайындайды: метронидазол, тинидазол, фуразолидон, орнидазол