Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Медицина факультеті
Жалпы хирургия кафедрасы
Фармакология пәнінен
БӨЖ
Тақырыбы: Кенеттен өлімді алдын алуда қолданылатын дәрілер: гиполипидемиялық заттар, антикоагулянттар және т.б
Қабылдаған: Өтеп Мырзағали-ұлы
Орындаған: Төлжанқызы Индира
Тобы: ЖМ-005
Түркістан 2023
Жоспары:
1.Кіріспе
Кенеттен болатын өлім және оның себепері
2. Негізгі бөлім
Жүректің ишемиялық ауруларында қолданылатын дәрілер
Атеросклерозға қарсы дәрілер
Антикоагулянттар
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кенеттен болатын өлім және оның себептері.
Науқас кенеттен бірнеше минуттан кейін өліп қалады. 85% жағдайда өлімнің себебі жүректің ишемиялық аурулары, оның ішінде миокард инфарктысы өлімге себеп болады. Жүректің ишемиялық аураларының негізгі себебі: тәждік артериялардың атеросклерозы, кардиомиопатия аурулары, стенокардия, жүрек ақаулары, қолқаның жарылып кетуі.
Жүректің ишемиялық аурулары- атеросклероз немесе коронарлы артериялар тарылуы салдарынан, жүректің оттегіге қажеттілігі мен оның оттегімен қамтамасыз етілуі сәйкес келмеуі немесе миокартқа қанмен оттегі келуінің бұзылуынан пайда болады. Қолданылатын антиангинальды дәрілер жүректі оттегімен қамтамасыз етуін күшейтеді (коронарлы артерияларды кеңейту арқылы) немесе оттегіге қажеттілікті (жүрек жұмысын жеңілдету арқылы) төмендетеді.
Негізгі бөлім
Жүректің ишемиялық ауруының клиникалық белгілері: стенокардия мен миокард инфаркты түрінде өтеді. Стенокардия ұстамасында, миокард инфарктын алдын алу үшін, міндетті түрде әсері тез антиангинальды дәрілерді қабылдау қажет.
1. Стенокардия ұстамасын басатын дәрілер. Бұл препараттар коронарлы қан тамырларды кеңейтеді.
Nitroglycerinum -нитроглицерин; 0,0005 түйме дәрі және капсула түрінде шығарылып, үстама кезінде тіл астына немесе 1 % спиртті еріт. -1 -2 тамшы қантпен тіл астына белгіленеді. Әсер 1 -2 минутга басталып, 20-30 минутқа созылады. Нитроглицерин шеткерлік қан тамырлардың бірыңғай салалы бұлшық еттерін босаңсытады. Осының нәтижесінен үлкен және кіші қан айналым жүйесінде веноздық және артериялық қан тамырларды кеңейтіп, жүрекке түсетін салмақты азайтып, миокардтың энергия мен оттегіге қажеттілігін төмендетеді. Нитроглицерин бітелген аймақтағы қан тамырды кеңейтіп миокардтың ишемияланған аймағын қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Сондай-ақ жүрек пен қан тамырлардың симпатикалық иннервациясына орталық тежегіш әсер көрсетеді, Нитроглицерин миотропты спазмолитикалық әсерінен бронхтың, ішектің, өттің және несеп шығару жолдарының бірыңғай салалы бұлшық еттерін босаңсытады. Жанама әсері: АҚ-ң темендеуі , рефлекторлы тахикардия, бас ауыру және бас айналу, құлақ шуылы, ыстық сезіну, беттің қызаруы, бас сүйек ішілік және көзішілік қысымының көтерілуі, ал нитроглицеринді жүйелі қолданғанда үйренгіштік пайда болуы мүмкін. Миға қан құйылғанда, айқын гипотонияда, бас сүйек ішілік қысым және көзішілік қысымы жоғарылауында қолдануға болмайды.
Стенокардия ұстамасын басу үшін изосорбид динитратының нитросорбиді- Nitrosorbidum: 0,005 және 0,01 түйме дәрі түрінде шығарылып тіл астына белгіленеді. Нитросорбид нитроглицеринге қарағанда әсері (3-5 мин. соң) баяу басталады.
Валидол (тіл астына) мен корвалол (30-40 тамшыдан ішке) сенімді әсер етпейді. Валидол ауыз қуысының суық рецепторларын тітіркендіріп, коронарлы қан тамырлардың қанмен қамтамасыз етілуін рефлекторлы түрде жақсартады. Екі препараттың да антиангинальды әсері әлсіз.
Validolum - валидол: 5 мл флаконда - 5 тамшыдан тіл астында ұстау қажет; 0,06 түйме дәрі және 0,05 капсула түрінде шығарылып, тіл астына тағайындалады.
2. Стенокардия ұстамасын алдын алу үшін қолданылатын дәрілер:
а) Нитрат препараттары. Әсері ұзартылған нитроглицерин препараттары: сустак- Sustac-mite,Sustac-forte (әсерінің ұзақтығы 4-6 сағ.); Тринитролонг -Trinitrolong құрамында 0,001-0,002 нитроглицерині бар жоғарғы ит тіс үсті қызыл иек шырышына қойылатын полимерлі пластинка;Эринит- Erinitum 0,001 түйме дәрі ішке белгіленеді, белсенділігі төмен.
б)В-адреноблокаторлар- жүректің В-адренорецепторын тежеп, адренергиялық әсерін төмендетеді. Ол жүрек жиырылу жиілігі мен күшінің төмендеуіне, жүрек жұмысын жеңілдете отырып, миокардтың оттегіге қажетгілігін төмендеуіне алып келеді. ЖИА-ның біріктірілген емдеуінде тағайындалады.
в) Кальций арналарының блокаторлары:фенигидин (нифедипин, коринфар) - дигидропиридин туындылары; верапамил (изоптин) - фенилалкиламиннің туындылары; дилтиазем (дильрен) - бензотиазепин туындылары. Бұл препаратар кальций арналары арқылы миокард жасушасына Са2+ иондары енуін бұзып, жүрек жұмысын жеңілдетіп, оттегіге қажеттілігін төмендетеді. Коронарлы қан тамырларды кеңейтіп, қан ағысын күшейтіп, миокардқа оттегінің жеткізілуін жеңілдетеді. Бұл топ препараттарын нитрат препараттары әсер етпеген жағдайда белгілейді. Верапамил мен дилтиазем жүректің өткізгіштік жүйесіне көбірек әсер етіп, тахиаритмияда қолданылады, Фенигидин жүректің өткізгіштік жүйесіне аз әсер етіп, айқын антиангинальды белсенділік пен гипотензивті әсер көрсетеді, сондықтан стенокардия мен гипертонияны емдеу үшін колданылады. Гипертониялық кризде сублингвальды (түйме дәріні шайнап тіл астында ұстау қажет) белгілейді. Жанама әсері: бас ауыру, рефлекторлы тахикардия, беттің қызаруы және ыстықты сезіну, аяқ қолдың ісінуі және кей жағдайда терінің аллергиялық реакциялары байқалуы мүмкін. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің ауыр түрінде, синусты түйінінің әлсіз белгісінде, айқын гипотензияда, жүктілікте және лактацияда колдануға болмайды.Фенигидин 0,01 түйме дәрі (драже) - 1 түйме дәріні тәулігіне 2 рет белгіленеді. Фенигидин тобының екінші буындағы препараттары: амлодипин, исрадипин, нитрендипин, никардипин, риодипин - әсері ұзақ және жанама әсері аз. Кальций антагонистінің жаңа топ препараты мебефрадил қан тамырлардың Т-түтігі мен нейрогормоналды жасушаларды тежеу нәтижесінде коронарлық және шеткерлік қан тамырларды кеңейтеді, сонымен қатар ренин мен альдостеронның секрециясын азайтып, адренергиялық белсенділікті төмендетеді. Жүректің ишемиялық ауруы мен гипертониялық ауруларда тәулігіне 1 рет белгіленеді.
г) Басқа да антиангинальды дәрілер:
Әсері миотропты коронарлы артерияларды кеңейтетін дәрілер: дипиридамол (курантил, персантин) коронарлық артериялардың қан айналысының көлемінің жылдамдығын жоғарылатып, миокардтың оттегімен қамтамасыз етілуін жақсартып, қосалқы қан айналымды күшейтеді, тромбоциттердің агрегациясын тежеп және миокардта микроциркуляцияны жақсартады. Карбокромен (интенкордин,интенсаин), лидофлазин (клиниум) коронарлық артерияларды кеңейтіп, қан ағысын күшейтеді, қосалқы қан айналымды жақсартады, бірақ әсері төмен болғандықтан негізгі препараттармен бірге қолданылады.
Кардиопротеторлы дөрілер: триметазидин - ишемияға миокард жасушаларының тұрақтылығын жоғарылатып, гемодинамикаға әсер етпей энергетикапық балансты реттейді.
Миокард инфарктында қолданылатын дәрілер
Миокард инфарктында ишемияланған аймақта тыртыққа айналатын некроз пайда болады. Көбінесе миокард инфарктының себебі коронарлық қан тамырлардың атеросклерозы болып табылады. Миокард инфаркты қатты ауырсынуға, аритмияға, қозғыштыққа, қорқыныш сезіміне, жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне, АҚ-ң төмендеуіне және кардиогенді шокқа алып келуі мүмкін. Мүндай жағдайда келесі топтағы препараттар белгіленеді:
1. Наркотикалық анальгетиктер (морфин, промедол, фентанил) - ауырсыну белгілерін басу үшін, нейролептиктер (дроперидол) немесе транквилизаторлар (седуксен), наркозға арналған дәрілер бірге қолданылады.
2. Антиаритмиялық дәрілер (лидокаин).
3. Антикоагулянттар (гепарин) мен антиагрегантты дәрілер (аспирин) тромб түзілуін алдын алу үшін.
4. Фибринолитикалық дәрілер (стрептокиназа) - жаңа пайда болған тромбты еріту үшін,
5. Вазопрессорлы дәрілер (мезатон, норадреналин).
6. Нитроглицириннің препараттары (пврлинганит, нирмин - к/т).
7. Оксигенотерапия.
8. Жүрек гликозидтері (строфантин) - жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, көбінесе дофамин (АҚсист. 70-100 ммсын. бағ.) немесе добутамин (АҚсист.>100 мм сын. бағ.) белгіленеді.
9. 6,-адреноблокаторлар (метопролол, атенолол) - жүрек жұмысын жеңілдету үшін және тахикардияда қолданылады.
10. Плазма алмастырушы және тұзды ерітінділер, натрий гидрокарбонаты - қышқыл-негіздік тепе - теңдікті реттеу үшін, глюкоза ерітіндісі инсулинмен бірге - жүректі коректендіру үшін тағайындалады.
Атеросклерозға қарсы дәрілер (Гиполипидемиялық дәрілер)
Атеросклероз - тамырдың ішкі қабықшасына май тәрізді заттардың жабысып, оның шоғырлануынан пайда болатын ауру. Денеде зат алмасу процесінің бұзылуынан холестерин мөлшерден асып кетеді. Аурудың күйі, қауіптілігі немесе жеңілдігі қандайда тамырдың зақымдалуына байланысты. Ауруды алдын алу: еңбек пен тұрмыс тәртібін мұқият сақтау, демалысты дұрыс пайдалану, ұйқыны қандыру, темекі тартпау және майлы тамақтан бас тарту, артық семірмеу және т.б. Гиполипидемиялық дәрілер ұлпа мен қанның құрамындағы жоғары дәрежедегі липидтердің (холестерин және триглицерид) мөлшерін төмендетеді. Атеросклерозды және оның асқынуларын емдеу үшін қолданылатын гиполипидиемиялық дәрілер 2 топқа бөлінеді:
1. Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер.
2. Катаболизмді жәнехолестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
Гиполипидемиялық дәрілер жүректің ишемиялық ауруында, аорта, ми тамырларының атеросклерозында қолданылады. Бұл дәрілерді үздіксіз, ұзақ уақыт бойы қабылдау қажет.
1. Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер:
а) Статиндер: ловастатин (мевакор), симвастатин (зокор), аторвастатин (липримар) - бауырдағы холестериннің синтезін таңдамалы тежейтін, тиімділігі жоғары препараттар. Статиндерді тәулігіне 1 рет, ұйықтар алдында белгілейді, себебі бауырдағы холестериннің басым бөлігінің синтезі түнде жүреді.
Симвастатин: 0,005; 0,02 және 0,04 түйме дәрі түрінде шығарылып, 1 түйме дәріні кешке қабылдау үшін тағайындалады.
б) Фибраттар: клофибрат (мисклерон), фенофибрат, гемфиброзил - бауырдағы липопротеинлипазаны белсендіреді, статиндерге қарағанда улы болып келеді.
Гемфиброзил: 0,3 капсула; 0,45 түйме дәрі - күніне 2 рет таңғы немесе кешкі астан 30 минут бұрын немесе кешке 1 рет белгіленеді.
в) Никотин қышқьшы (үлкен мөлшерде).
г) Пробукол (липомал) -ағзадағы липидтердің синтезіне және таралуына әсер етіп, қан сарысуындағы тығыздығы жоғары липопротеиндердің, триглицеридтердің, жалпы холестериннің деңгейін төмендетеді.
2. Катаболизмді жөне холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
а) Өт қышқылдарының секвестранттары: Холестирамин (холестан), холестипол (холестид) - АІЖ-да сіңірілмейді, өт қышқылдарымен кешен түзіп олардың қанға қайта сіңірілуіне кедергі жасайды. Ол холестериннің және өт қышқылдарының ішекте
сіңірілуін баяулатады.
б) Бескрахмальды полисахаридтер: хьюар шайыры (гуарем) - асқазанда тағамдық холестериндердің және өт қышқылының сіңірілуіне бөгет жасайды. Әсері әлсіз. Атеросклероздың жеңіл түрінде кешенді емдеуді қажет етеді: полиспонин (жапон диоскореясы тамыры мен тамыр сабағының препараты) және трибуспонин (теміртікен шөбінің препараты). Атеросклероздың кешенді емінде сонымен қатар эссенциальды фосфолипидтер (эссенциале, липостабил) жәме антиоксидант препараттары (токоферол ацетаты, аскорбин қышқылы) қолданылады.
Антикоагулянттар
Қан ұюының әртүрлі кезеңдерінде әсер етуі мүмкін. Әсерінің бағыты бойынша 2 негізгі топқа жатады.
1.Тікелей әсер ететін антикоагулянттар ( тікелей қан ұюына әсер ететін заттар) :Гепарин, Фраксипарин, Эноксапарин, Лепирудин.
2. Әсері тікелей емес антикоагулянттар(қан ұю факторларының-протромбиннің және бауырдағы синтезін тежейтін заттар): Неодикумарин, Синкумар, Варфарин ,Фенилин.
Тікелей әсерлі антикоагулянттар. Гепарин – ағзада мес жасушалармен түзілетін, қан ұюына қарсы табиғи зат. Гепариннің көп бөлігі әсіресе, бауырда және өкпеде кездеседі.Химиялық құрылысы бойынша мукополисахарид. Оның молекулалық салмағы 15000-20000 д-ға тең. Оның молекуласына күкірт қышқылының қалдығы кіреді, соған байланысты айқын қышқылдығы бар.Ерітіндідегі күшті теріс заряды гепариннің қан ұюына қатысатын белоктармен әсерлесуіне ықпал етеді. Гепарин тікелей әсер ететін антикоагулянтқа жататындықтан, ол тек тұтас ағза жағдайында (in vivo) ғана белсенді емес,in vitro-да белсенді. Үлкен дозада гепарин тромбоциттер агрегациясын тежейді. Гепарин флебитте, тромбофлебитте, аяқтың варикозды жараларында, тері асты гематомасында сыртқы қолдану үшін де шығарылады. Қан ұюына қарсы негізгі әсерінен басқа гепариннің қанда липид мөлшерін төмендететін әсері де анықталған. Бұл тіндердің липопротеинлипазаның босап шығуына байланысты деп есептейді. Соңғысы эндотелийге жиналған липопротеидтердің үшглицеридтерін тінге түсетін бос май қышқылдарын босатып шығара отырып гидролиздейді.
Фраксипарин- оларға айқын антиагреганттық және антикоагулянттық белсенділік тән.Төменгі молекулалы гепариндер әсерінен қан ұюының төмендеуі,олардың антитромбин ІІІ-тің Ха факторына тежегіш әсерін күшейтуіне байланысты. Гепариннен төменгі молекулалы аналогтарының айырмашылығы-олар тромбинге тежегіш әсер көрсетпейді. Соған байланысты бұл препараттар қан сарысуы белоктарымен аз байланысады, олардың биожеткіліктігі гепаринге қарағанда жоғары. Олар ағзадан баяу шығарылады. Гепаринге қарағанда ұзағырақ әсер етеді. Оларды тәулігіне 1-2 рет тері астына енгізеді.
Эноксапарин- гепариннің антагонисті протамин сульфаты (балық ұрығынан алынған). Оған негіздік қасиет тән және оң зарядты. Гепаринмен әсерлесіп оның белсенділігін жойып, ерімейтін кешен түзілуіне әкеледі. Протамин сульфатын көктамырға енгізеді;оның 1 мг-ы 100 ӘБ гепаринді бейтараптайды. Протамин сульфаты төменгі молекулалы гепариндердің де антоганисті болып табылады.
Лепирудин - медициналық сүліктермен өндірілетін гирудин де қызығушылық туындатады. Ол 65 амин қышқылдарынан тұрады. Тікелей әсер ететін белсенді антикоагулянт ретінде қолданылатын рекомбинантты варианты- лепирудин алынған. Гирудин тромбиннің белсенділігін жояды; оның әсері антитромбин ІІІ-ке тәуелді емес. Препаратты көктамырға енгізеді. Әсері қысқа 1-3 сағ. Бүйректің патологиясында ағзада жиналуы мүмкін және қан ағуға әкеледі. Антагонисті жоқ.
Әсері тікелей емес антикоагулянттар. Оларға 2 химиялық заттардың тобы жатады:
1. 4-оксикумарин туындылары: Неодикумарин, Синкумар, Варфарин
2. Индандион туындысы: Фенилин
4-оксикумарин және индандион туындыларын шартты түрде К1 витаминінің антагонисттері деп есептейді. Олардың әсер ету принципі, К витамині эпоксидінің редуктазасын тежейді және К1-эпоксидтің ІІ,ҮІІ,ІХ,Х факторлардың синтезін тежейтін К витаминнің белсенді түріне тотықсыздануына кедергі жасайды. Осылайша, олар бауырда К витаминіне тәуелді протромбиннің,проконвертиннің және бірқатар басқа факторлардың да синтезін тежейді.
Әсері тікелей емес антикоагулянттардың тиімділігі протромбиндік индекс бойынша бақыланады. Сонымен қатар зәрді тексереді; гематурияның пайда болуы препараттарды артық дозада енгізу белгілерінің бірі болып табылады.
4-оксикумарин және индандион туындыларының жанама әсерлері ұқсас. Оларға көбінесе қан кетулер, қан құйылу, диспепсиялық бұзылыстар, бауыр қызметінің тежелуі, аллергиялық реакциялар жатады.
Варфарин- өте кең қолданылатын әсері тікелей емес антикоагулянттардың бірі- варфарин.Көктамырға енгізілген препараттары болса да негізінен ішке енгізіледі. Варфарин және оның метоболиттері негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Препаратты енгізу тоқтатылған соң қан ұюының қалпына келуі шамамен 4 күннен кейін. Ауыр жанама әсері-бұрыннан бар патологияға немесе препаратты артық дозаға енгізуге байланысты қан кетулер. Бауыр қызметінің бұзылуы, диспепсиялық бұзылыстар, лейкопения, аллергиялық реакциялар, сирек терінің некрозы болады. Варфарин планцетадан өтеді және оның тератогенді әсері бар екендігін ескерген жөн.
Қорытынды
Қорыта келе,аяқ астынан болатын өлімнің алдын-алу үшін тағайындалатын дәрілік препараттар гиполипидемиялық және антикоагулянттар фармакологияда маңызды орын алады. Олар сонымен қатар миокард инфарктісінде, ми қан айналымы бұзылғанда,атеросклерозда, тромбоэмболияда кеңінен қолданылады. Қазіргі заманда ишемиялық жүрек аурулары жылдан жылға өсіп келеді. Соңғы 10 жыл мәліметтері бойынша ишемиялық жүрек аурулары өлімнің 80пайызын алып жатыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Фармакология Д.А.Харкевич он бірінші басылым, Мәскеу 2014, 304-317 беттер.
2. Фармакология Сұлтанов М.Ә., Ербасова А.А., Шымкент медицина колледжі, 2008, 166-176 беттер.
3. https://thepresentation.ru/medetsina/kenetten-olimdi-aldyn-aluda-koldanylatyn-dariler-gipolipidemiyalyk -zattar-antikoagulyanttar
Достарыңызбен бөлісу: |