Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Фармакология, фармакотерапия және оның ауруларды емдеуде және алдын алуда алатын орны



бет3/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
Байланысты:
Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (о у ралы) 2019 ж (1)-1

Фармакология, фармакотерапия және оның ауруларды емдеуде және алдын алуда алатын орны

Фармакология дегенеіміз – дәрі-дәрмектердің ағзамен өзара әсерін, физика-химиялық қасиеттерін, еңгізу жолдарын зерттейтін және жаңа дәрілер алу жолдарын іздейтін ғылым.


Фармакология деген ұғым 2 сөзден тұрады:

  1. pharmacon – дәрі-дәрмек,

  2. logos – ілім (оқу-білім)

Фармакологтар дәрілердің ағзаға әсерін көбіне әр-түрлі әдістермен жануарларға зеріттейді. Мысалы: бұл зерттеу үстінде биологиялық, фармакологиялық, биохимиялық және т.б түрлі әдістер қолданады.
Клиникада дәрі-дәрмектердің адам ағзасына әсер етуін қадағалап отырып, фармакологтар құнды материал алады.
Фармакология ғылымы – басқа медицина ғылымдарының негізі деп айтса да болады, өйткені бұл пәнді оқып білу, танысу болашақ орта білімді медицина қызметкері үшін өте қажет. Себебі дәрі-дәрмектерді күнделікті қызметінде пайдаланады, ауруларды емдейді және дәріні кейбір аурулардан алдын ала сақтандыру үшін пайдаланады. Фармакологтар ағзаға
дәрінің әсерін зерттей отырып 2 жағдайды тіркеулері керек, ол дәрілердің фармакодинамикасы, фармакокинетикасы.
Фармакодинамика дегеніміз – фармакологиялық заттардың ағзада мүшелер мен ұлпалардың құрылысына, функциясына әсері және әр түрлі биологиялық процестердің ағымына әсер етуі.
Фармакокинетика – дәрілердің ағзаға сіңіруін, таралуын, өзгеру және шығу жолдарын зерттейді.
Фармакологтар тағы да жаңа дәрілер алу жолдарын іздестіреді, жаңа алынған дәрілердің емдік активтілігі, қасиеті жоғары және уландырғыш қасиеті төмен болғаны қажет. Дәрінің уландырғыш қасиетін токсикалық қасиеті – деп атайды


Жаңа дәрі алу жолдары
Қазіргі кезде көп дәрілер синтез арқылы алынады (биохимиялық синтез). Мысалы: химиялық лабароторияда да жаңа қоспа ашты делік, ол қоспа сынаққа фармакологиялық лабораторияға жіберіледі, бұл жерде жаңа қоспа түрлі әдістерді қолданып жануарда зерттеледі, егер жаңа қоспа жақсы қортындылар берсе, ол қоспа өте жақсы тексеріледі, егер таза қоспа қойылған міндеттерді қанағаттандырса, фармакологиялық комитет оны клиникада зерттеуге рұқсат береді.Үлкен клиникаларда жаңа дәрі соқырлық әдіспен тексеріледі, жаңа дәрі клиникада өз еркімен келіскен ауруларға қолданады, аса қатты сенім туғызбау үшін жаңа дәріні зерттегенде бақылаушы топ алынады. Ал бақылаушы топқа басқа дәрі түрі, түсі, дәмі сондай таза дәріге ұқсас, бірақ адам ағзасына әсер ететің қоспасы жоқ «плацебо» деп аталатын дәрі беріледі, «плацебо» бос дәрідеген сөз, бұл әдістің соқыр әдіс аталуы, аурулар қандай дәрі ішетінін білмейді, тек емдеуші дәрігер біледі. Жаңа дәріге берген қорытынды, бір ауыздан мақұлданса, фармакологиялық комитет соңғы қорытынды береді де, ол дәріні өндіріске шығаруға ұсыныс жасалынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет