2. Дәрілік зат, ләрілік түр, емдік препарат деген терминдерге анықтама беріп, мысалдар
келтіріңіз?
3. Дәрі-дәрмектердің алыну жолдары?
4. Дәрінің мөлшері дегеніміз не, оның қандай түрлері болады?
5. Мынандай мөлшерлердің рецепте жазылуын көрсетіңіз: 1 дециграмм, 25 сантиграмм,
15 сантимиллиграмм, 4 миллиграмм, 15 децимиллиграмм, 75 микрограмм.
6. Дәріхана дегеніміз не? Қандай аптекалар болады?
7. Фармакопея дегеніміз не?
8. Ағзаға әсер ету сипаты мен күшіне қарай дәрілер қалай бөлінеді?
9. Рецепт дегеніміз не? Қандай бланк түрлері болады:
10. Рецептің құрылысы?
11. Рецептің кай бөлігі латын тілінде, қай бөлігі мемлекеттік немесе орыс тілінде
толтырылады?
12. Мөлшерге бөлінген және мөлшерге бөлінбеген дәрілерге рецепт жазу ерекшеліктері?
13. Рецептура қолданатын сөздерді жатқа білу?
Қатты дәрілердің түрлері Ұнтақ ішке және сыртқа қоданатын сусымалы қатты түрлі дәрі
Ұнтақ – Pulvis – жекеше атау септікте
Pulveris – жекеше ілік септікте
Ұ нтақтардың көбі дәріханада жасалады, ұнтақтар ірі, ұсақ, және қарапайым күрделі ұнтақтар болып бөлінеді.
Қ арапайым ұнтақтардың құрамы 1 дәріден тұрады, ал күрделі ұнтақтар 2 және одан да көп дәрілерден тұрады. Ұнтақтар мөлшерге бөлінген және мөлшерге бөлінбеген ұнтақтар болып бөлінеді, мөлшерге бөлінген ұнтақтар әрбір мөлшерге бөлініп, тек аурудың бір рет қабылдау үшін бірнеше бөлімге салып оралып беріледі, ал мөлшерге бөлінбеген ұнтақтар, бүкіл мөлшерімен салынып беріледі. Мөлшерге бөлінбеген ұнтақ ретінде тек үшінші тізімнің дәрілері ғана жіберіледі, олар көбіне сыртқа қолданады.
Егер мөлшерге бөлінген ұнтақтардың салмағы 0,1 граммнан аз болса, онда оның құрамына индифферентік заттар қосады: глюкоза, қант, және т.б. сияқты, мөлшерге бөлінбеген ұнтақтар, банкілерде, пакеттерде және т.б. орауларда беріледі.
Рецепте ұнтақтарды жазу тәртібі: күрделі ұнтақтарды жазғанда “Misre ut fiat pulvis” деп рецептте жазу қажет.