§33. абылай хан 1. абылайдың өмір жолы. Абылай ханның
(1711–1781) ата-бабалары Шыңғысханның ұлы
Жошы ханның бесінші ұрпағы әз-Жәнібек хан-
нан тараған. Абылайдың шын есімі – Әбілман -
сұр. Оның Абылай есімді атасы кезінде Түр-
кістанды билеген. Жекпе-жекке шыққанда жау
шақ келмейтін батыр болып, «Қанішер Абылай»
атанған. Әбілмансұрдың бала кезінде ауылына
жоңғарлар шабуыл жасап, адамдарын қырып
кетеді. Әбілмансұрды күтуші аталығы тығып,
аман алып қалады. Ол кезде қаза тапқан хан
ұрпағынан біреу тірі қалса, кейін кек алады деп,
іздеп жүріп өлтіретін әдет болатын. Сондықтан
жетім қалған Абылай тегін жасырып, Сабалақ деген атпен атақты Төле бидің түйесін бағады.
Соның тәрбиесінде өседі.
Атақты Аңырақай шайқасы жекпе-жектен
басталған еді. Жоңғарлар жағынан ержүрек әс-
кербасы, қоян-қолтық ұрыстың шебері Шарыш
шығады. Қазақ жағынан жекпе-жекке жиыр-
ма жасар Әбілмансұр шығып, атасының атымен
«Абылайлап» ұран салып, жоңғар батыры Ша-
рышты өлтіреді. Әйгілі батырынан айырылған
жоңғарлар қашып, қазақ әскері үлкен жеңіске
жетеді. Соғыста «Абылайлап» ұран салған
Әбілмансұр содан былай Абылай атанады.
Хан ұрпағы Абылай 1743 жылға дейін Орта
жүздің сұлтаны болды. Туысы Әбілмәмбет
хан қайтыс болған соң, оның орнына Абы-
лай Орта жүздің ханы сайланды. 1771 жылы
үш жүздің ұлы ханы болып жарияланады.
Қазақ хандығының ежелгі астанасы Түркістан
қаласында қазақ дәстүрі бойынша Абылай-
ды ақ киізге салып хан көтереді. Жиырма бес
жасын
да билікке келген Абылай хандық
ты
абыроймен басқарады. Ол ақылды да көреген,
білікті дипломат, ұлы мемлекет қайраткері
болды. Абылай Қазақ мемлекетін нығайтты.