109
жаулардан азат ету еді. Ол үш жүздің басын
қосып, күшті Қазақ хандығын құруға, «ақтабан
шұбырынды» жылдарында айырылған жерле-
рін қайтарып алуға күш салды. Абылайдың
Орта Азия хандықтарымен жүргізген
соғыстары
сәтті аяқталады. Түркістан, Сайрам, Шым-
кент және басқа қалаларды жаудан босатып,
қазақтарға қайтарады. Ташкент Абылайға алым
төлеп тұратын болды.
XVIII ғасырдың 40-жылдарының ортасын-
да Абылай жоңғар билеушілерінің арасындағы
талас-тартысты пайдаланып, оларды барынша
әлсіретуге тырысты. Соның арқасында бұрын
жоңғарлар басып алған қазақ жерлерін қайта-
рып алды. 1753–55 жылдары жоңғарларға қарсы
жеңісті шабуылдарын үдете түсті.
200 жылға
жуық созылған жоңғарлар мен
қазақтар арасындағы соғыста қазақ халқы же-
ңіске жетті.
Жоңғардан босаған шығыстағы жерлер-
ге қазақ ауылдарын апарып орналастыруы да
Абылайдың көрегендігі. 1758 жылдан бастап
Тарбағатай, Іле, Үрімшіде Қытай елі қазақтарға
арналған сауда жәрмеңкесін ашады. Қазақтар
жәрмеңкеге жылқы, жүн, тері, т.б. әкеліп са-
тып, өздеріне қажет
өнеркәсіп бұйымдарын са-
тып ала бастайды.
Абылай хан күшті мемлекеттермен сана суға
мәжбүр болды. Ол Қытай және Ресей мемле-
кетімен терезесі тең қарым-қатынас орнатуға
ұмтылды.
1765–1770 жылдары Абылай хан көптен
есесі кетіп жүрген
қырғыз ұлысына қарсы ша-
б уыл жасап, Нарынқолдан Қордайға тартылған
қазіргі шекарасын бекітеді. 1771 жылы Еділ
қалмақтарын тәубасына келтіреді. «Ақтабан
шұбырынды» жылдарында азып-тозған қазақ
халқы есін жия бастайды. Экономикалық жағ-
дайы жақсарып, елде бейбіт өмір орнайды.
Халықтың
рухы көтеріліп, мерейі арта түседі.
Абылай хан 1781 жылы қайтыс болды. Оның
сүйегі Қазақ хандығының астанасы Түркістан
қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне
жерленді.
Әбілмансұрдың өмірі
туралы әңгімелеп бер.
Әбілмансұр қандай
ерлік жасап көзге
түсті?
Абылай хан болып
сайланған соң қазақ
елін қалай көтерді?
Абылай ханның халқы
үшін еткен еңбегіне
баға бер.