§4. Этнография 1. Этнография дегеніміз не? Этнографиялық зерттеу қалай жүргізіледі? Этнография – та-
рих ғылымының бір саласы. Ол тайпалар мен
халықтардың шығу тегін, тұрмысын, кәсібін,
әдет-ғұрпын, ерекшелігін зерттейді.
Этно граф-
тың жұмысы өте қызықты әрі жа
уапты. Ха-
лықтың күнделікті өмірі мен тіршілігін, әдет-
ғұрпын зерттеу үшін этнограф салт-дәстүр
жақсы сақталған жерлерге барады. Онда сол
халықтың қашан пайда болғанын, тұрмысын
жақсы білетін қария адамдармен әңгімелесіп,
олардың айтқандарын жазып алады. Этно
-
граф сол жердегі тұрғындардың өмірі мен тір-
шілі гін терең білу үшін жиын-тойға да қа ты-
сады. Кейбір маңызды көріністерді суретке
түсіріп, үнтаспаға жазып алады, сирек кез-
де
сетін бұйымдарды жинайды. Этнограф өз
зерттеуіне музей дерек
терін, ертеректе жа-
зылған қолжазбаларды да пайдаланады. Сая-
хатшы лар дың мә лімет теріне, бұрыннан сақ-
талып қалған әдеби мұраларға да көңіл бө-
леді. Жер гілікті халықтың даму жолын, басқа
халықтардан ерекшелігін анықтайды. Мыса-
лы, қазақ халқының этнографиялық тұрмы-
сын қазақтармен қатар орыс және шетелдік
ғалымдар да терең зерттеген.
Этнология – этнография ғылымының бір
саласы, ол халықтардың қашан, қай уақытта
пайда болып, қалыптасқанын, арғы тегін
зерттейді.