Тапсырма.сөздер мен олардың анықтамалары. Тапсырма жұптасып жұмыс істеуді талап етеді. Дәптеріңе әрбір сөздің өзіне
сай келетін анықтамасын тауып жаз. Мысалы, «Сына жазу – сазбалшыққа сына
тәрізді жазылған жазу».
Түсініктер Анықтамалар 1. Сына жазу
2. Пергамент
3. Иероглиф
4. Папирус
5. Шежіре
6. Археолог
7. Әдет-ғұрып
Таңба суреттер
Сазбалшыққа сына тәрізді жазылған жазу
Қамыс сабағынан жасалған парақтар
Атадан балаға ауызша жеткізіліп отыратын, халық-
тың шығу тегі мен таралуын баяндайтын тарихи
шығарма
Қазба жұмыстарын жүргізетін ғалым
Жазу үшін мал терісінен жасалған материал
Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын тәртіп, мінез-
құлық нормалары, салт-жоралғылар
Кемел Ақышев Кемел Ақышев(1924 – 2003) – археолог, көрнекті
ғалым, профессор, тарих ғылымдарының докторы.
Ғалым 1955 жылдан 1989 жылға дейін ҚазКСР
ҒА археология бөлімін басқарды. К. Ақышев Есік
қорғанынан табылған «Алтын адамды» зертте-
ген. Отырардағы қазба жұмыстарына басшылық
жасаған.
Ғалымның еңбектері Қазақстанда ғана емес,
Ресей, Германия, Жапония, АҚШ, Италия, Вен-
грияда жарияланды. Оның 200-ден аса ғылыми
мақалалары жарық көрді. К. Ақышев
тың ең-
бегі жоғары баға
ланып, ҚазКСР-нің Мемле
кет-
тік сыйлығына ие болды. Ғалымның көптеген
шәкірттері – ғылым кандидаттары мен доктор лары
бар.
Кемел Ақышевтің бас шылығымен қай жерлерде қазба жұ мыс- тары жүргізілді?