Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық


  археологиялық ескерткішке саяхат



Pdf көрінісі
бет11/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   244
Байланысты:
5 synyp

2.  археологиялық ескерткішке саяхат. 
Біз бір сәт ұстазымызбен бірге археологиялық 
ескерткішке саяхат жасадық деп көз алдымыз-
ға елестетейік. Біз тұратын қаланың шетінен  
50 ша қырымдай жерде үлкен-үлкен жоталар мен 
төбелер бар.  Жаз айында бұл жерде археолог-
ғалымдар жұмыс жасайды. Бізді археологтардың 
қазба жұмыстары қатты қызықтыратынын тү-
сінген апайымыз археолог ғалымдармен ке-
лiсiп, біз өзен бойында орналасқан ерте дәуір 
ескерткішіне келдік. Археолог ағай бізге архео-
логиялық қазба жұмыстары, зерттеудің мақса-
ты мен нәтижесі туралы әңгімелеп берді:
– Адамдардың әр дәуірдегі тіршілігі, шаруа-
шылығы, пайдалан 
ған еңбек құралдары, бас-
паналары туралы мәлімет әлі де болса аз. Сон-
дықтан ғалымдар арнайы экспедиция ұйым-
дастырып, археологиялық қазба жұмыс 
та 
рын 
жүргізеді. Археологтардың басты мақса 
ты – 
көне ескерткіштерді сақтап қалу, жаңа архео-
логиялық объектілерді табу және қорғау болып 
табылады.
Ғалымдар бізге қазылып жатқан тұрақтан 
табылған керамика мен сүйек, әшекей зат-
тар, қару-жарақ қалдықтары мен ыдыстарды 
көрсетті.
Археологтар табылған материалдарды зерт-
теп, ішінен ең көр 
нектілерін музейге қоюға 
жібереді. Қазба жұмысында табылған бұйымдар 
қай кезеңде, неден жасалды, қандай қоспалар-
дан тұратынын анықтау үшін археологтарға 
 
геолог, тілші, сәулетші, зергер сияқты мамандар 
көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет