Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет151/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   244
Байланысты:
5 synyp

§47. Қазақстанда Кеңес  
өкіметінің орнауы
1.  ақпан төңкерісі. Уақытша үкімет. 1917 жы-
лы Ресейде екі мемлекеттік төңкеріс болып өт-
ті. 1917 жылғы 27 ақпанда болған Ақпан төң-
ке рісінде  Ресей патшасы II Николай тақтан 
құ ла тылды.  Оның  орнына  Уақытша үкімет 
құрылып, елді министрлер басқарды. Көпшілік 
адамдар Ресей ерікті, тәуелсіз елге айналды 
деп ойлады. Бірақ Уақытша үкімет  халықтың 
ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырмады. Бұл 
кезде Ресей бірінші дүниежүзілік 
соғысқа қатысып, Германиямен 
соғысып жатқан болатын. Халық 
соғыстан әбден қалжырады, бірақ 
тонаушылық соғыс созыла берді. 
Зауыт пен фабрикалар, темір жол-
дар мен шахталар өз иелерінің мен-
шігінде қалды. Жер шаруаларға 
берілмеді.
Патша құлатылғанымен жақ сы 
өмір келмеді. Большевиктер жұ-
мысшылар мен солдаттар ды және 
шаруаларды жаңа революцияға да-
йындай бастады. Олар үгіт-насихат 
жұмыстарын жүр 
гізді, жиналыс-
тарда сөз сөйледі. Уақытша үкі-
Ресейдегі Ақпан төңкерісі


149
метке сенбеуге ша қырды. Билікті өз қолдарына 
алып, жерді иелері нен тартып алуға үндеді.
Большевиктердің шақыруымен Ресейдің бү-
кіл жұмысшылары көтеріліске шықты. Көте-
рілісшілер «Өкімет билігі Кеңестерге беріл-
сін!» деп ұрандады, «Нан! Бейбітшілік! Бітім!»  
болсын деген талаптар қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет