Міржақып Дулатұлы(1885–1935) – Алаш
қозғалысының қайраткері, көрнекті ақын.
Міржақыптың «Оян, қазақ!» атты тұңғыш
жыр жинағы 1909 жарық көрді. Онда:
Көзіңді аш,
Оян, қазақ,
Көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты! –
деген сөздері халықтың еркіндікке жету ұраны
болды. Осы еңбегі үшін қуғынға ұшырап, бір
жыл түрмеге қамалады.
Оның «Бақытсыз Жамал», «Азамат», «Тер- ме», «Қазақтар мен қырғыздардың шығу тари- хы» деп аталатын еңбектерінде халық мүддесін
қорғау, елін, жерін сүю сөз болады. Орынбордағы
«Қазақ» газетінде А. Байтұрсынұлымен бірге
жұмыс істеді, оның серігі болды. «Ақ жол»,
«Еңбекші қазақ» газеттерінде, «Қызыл Қазақ-
стан» журналында еңбек етіп, аудармашы-
лықпен де айналысты.
М.
Дулатұлы түрмеден жолдаған хатында
былай деп жазады: «...Мен өзімнің бейшара
халқымның осы құлдық жағдайынан шығуына
көмектесуді өз борышым деп санадым. Саяси
саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай ал-
мадым деп санаймын, ал қазір Кеңес өкіметіне
қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ
ұлтын дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда
көргім келген тілегім ғана».
Алаш қозғалысының қайраткерлері өз хал-
қының теңдігі мен бостандығы үшін аянбай
еңбек етті. Олар азаттық жолындағы күрестің
көшбасшылары болды.
Алаш қайраткерлерінің арманы тек 1991 жы-
лы 16 желтоқсанда орындалып, еліміз шына йы
тәуелсіздікке қол жеткізді.
Алаш қайрат кер- лерінің қызметіне сипаттама бер.
Ә. Бөкейханұлының өмірі мен қызметі туралы әңгіме дайындап кел.
А. Байтұрсынұлы қандай оқу құрал дарын жазды?
М. Дулатұлының қандай еңбектерін білесің? Міржақып Дулатұлы