Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет160/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   244
Байланысты:
5 synyp

§49. Қазақстанда 1920–1940 
жыл дары  өнеркәсіп  пен 
ауылшаруашылығының дамуы
1.   Қазақстанды индустрияландыру. Аза-
мат соғысы  аяқталғаннан кейін Кеңес өкіметі 
соғыста бүлінген, қираған шаруашылықты 
қалпына келтіру қажет деп шешті. Ол үшін ин-
дустрияны дамыту және ауыл шаруашылығын 
өркендету керек еді. Сондықтан кеңес адамда-
ры аянбай еңбек етіп, азамат соғысы зардабын 
жоюға кірісті.
Индустрия дегеніміз – жаңа техникамен жаб-
дықталған зауыт, фабрика өнеркәсібі. Білік 
ті 
мамандар: инженер, техник, жұмысшылар өте 
аз болатын. Жаңа зауыттар мен фабрикаларды 
жабдықтау үшін станок пен машиналар тап-
шылық етті. Жаңа құрылысты бастау үшін 
қаражат та жетіспеді.
Құрылысшылардың қо лын да тек қарапайым 
құ рал-сайман: қоларба, кү рек, балта, т.б. ғана 
болатын. Топы рақ пен тас мал жегіл ген көлік-
пен тасылды.
Кеңес өкіметінің алдында алып құрылыстар-
ды өте қысқа мерзімде салу міндеті тұрды. Осы 
міндеттерді жүзеге асыру үшін жоспар жасал-
ды. Ол бесжылдық жоспар деп аталды. Бірінші 
бесжылдық 1928 жылы басталды. 
Қуатты өнеркәсіп 
ті қалыптастыруда 
кеңес адам дары күндіз-түні, боранды, 
қарлы мезгілдерде, шөл мен шөлейтті 
ай мақтарда да қызу қарқын мен жұмыс 
істеді. Мұндай алып құрылыстар салу 
ісі барлық рес 
публикаларда жүріп 
 
жатты.
Индустрияландыру жылдары Қазақ-
станда 150-ден астам ірі өнеркәсіп 
орыны салынды. Соның бас тылары – 
Түркістан-Сібір темір жо лы, Шымкент 
қорғасын зауыты, Балқаш мыс балқы-
Түйемен топырақ тасу


156
ту комбинаты, Қарағанды көмір кен орындары, 
т.б. еді.
Қазақстанда салынған өнеркәсіптер дайын 
өнім шығармады. Шикізат Ресей мен Украина 
өнеркәсіптеріне тасылды.
Өнеркәсіпке қажетті жаңа техниканы мең-
герген мамандар, тәжірибелі жұмысшылар Мәс-
кеу, Ленинград, Донбасс және басқа қала лардан 
әкелінді. Қазақ жұмысшылары сол қалалар-
дағы өнеркәсіп орындарына кәсіби білім мен 
тәжірибе алу үшін жіберілді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет