153
Ә. Бөкейханұлы 1905 жылы патша атына
жазылған қазақ өлкесінің саяси талаптарын
ұйымдастырушылардың бірі болды. Осы үшін
«үкіметке қарсы үгіт жүргізді»
деген айып-
пен абақтыға қамалады. Осы кезде Әлихан Бө-
кейхан ұлының Ресейдегі
I Мемлекеттік Думаға
депутат болып сайланғаны белгілі болады.
Осыған байланыс ты ол түрмеден амалсыз боса-
тылып, Думаның жұмысына кешігіп келеді.
Мәскеуде өткен қоғам қайраткерлерінің
съезін де сөйлеген
сөзінде Әли хан Бөкейханұлы
былай дейді:
«Осында сөйлеген поляк,
латыш өкілдері-
нің сөзін тыңдай отырып,
мен өзіме жақсы та-
ныс кітап ты оқығандай болдым. Бізде де қазақ
тіліндегі мек тептер қысымға ұшы рауда... айта
берсе, қазақ тың мұқтажы шаш-етек тен».
Ірі
қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының
жетекшісі Ә. Бөкей ханұлы бүкіл саналы ғұ мы-
рын туған халқының бостандығы жолын дағы
күреске арнаған.
Достарыңызбен бөлісу: