і бөлім тарих әлемі §1. «Қазақстан тарихы» пәні 1. тарих не туралы баяндайды? Тарих – грекше «зерттеу», «оқиғалар жайындағы әң- гіме», «білім» деген мағынаны білдіреді.
Тарих – адамзат қауымының, халықтар мен
мемлекеттердің өткен өмірін, бүгінін және бо-
лашағын зерттейтін ғылым.
«Тарих» сөзін алғаш рет ежелгі грек тарих-
шысы
Геродот(б.з.б. 484–425 жж.) қолданған. Геродот көптеген елдерге саяхат жасап, қала лар-
ды аралап, тай па лардың тарихымен танысқан.
Олардың өмірін
дегі елеулі оқиғалар туралы
естіген-білгендерін жинақтап, «Тарих» атты ең-
бек жазған. Сондық тан оны «тарихтың ата- сы» деп атаған. Геродот өз еңбегінде бұрынғы
Қазақстан жерінде өмір сүрген сақтар туралы
баяндайды.
Шығыс тарихшысы
Сыма Цянь (Қытай
елін де шамамен б.з.б. 140–86 жж. өмір сүрген)
Қы тайды аралап жүріп, өзі көрген, адамдардан
естіген әңгіме-аңыздарды жазып алған, сон-
дықтан оны «Қытай тарихының ата сы» деп атай-
ды. Бұл еңбе гі «Тарихи жазбалар» деген атпен
жарық көр ген. Сыма Цянь өз еңбегінде бұрынғы
Қазақстан жерінде өмір сүр
ген ғұндардың,
үйсіндердің, қаң
лылардың тұрмысына, салт-
дәстүріне, әс кери құрылы мы на тоқталады.