8
«Қазақстан тарихымен» қатар «Дүниежүзі
тарихын» да оқисың. Өйткені Қазақстан тари-
хы – дүниежүзі тарихының құрамдас бөлігі.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінде әлем мем
ле-
кет тері мен халықтары ның тарихы оқытылады.
Бұл пәннен жер шарын мекендеген елдердің
көне заманнан бүгінге дейінгі өмір жолын оқып
білесің.
Дүниежүзіндегі адамзат сонау ежелгі заман-
нан бері бір-бірімен араласып, өзара байланыс-
та өмір сүріп келеді. Біз тарих пәнінен ата-
бабаларымыздың көршілес және шалғайдағы
елдермен қандай қарым-қатынаста болғанын
біле аламыз.
Өткенімізді білмесек, қазіргі өмірді ұғынып,
болашаққа бағдар жасай алмаймыз. «Қазақстан
тарихы» пәнін оқып-үйренудің құндылығы да,
міне, осында.
Достарыңызбен бөлісу: