45
театры, Орталық музей, Медеу спорт кешені,
«Қазақстан» қонақүйі, т.б. өзіндік ұлттық ма-
шықты бейнелейді. Қала қазір де күн
санап өсіп,
көркейіп келеді.
Алматыда қазір түрлі өндіріс орындары жұ-
мыс істеп, өз тауарларын жақын және алыс ше-
телдерге шығаруда.
Алматы ауыр машина жасау
зауыты, «Электроприбор», жеңіл өнеркәсіп орын-
дары жұмыс істейді.
Алматыда Қазақстандағы тұңғыш метро-
ның бірінші кезегі 2011 жылы пайдалануға
берілді.
Қарағанды – Орталық Қазақстанның ірі
өнеркәсіп орталығы, жер көлемі жағынан ең
үлкен қалалардың бірі. 1833
жылы бұл жерден
таскөмір табылып, кейінірек осы маңда қала
бой көтереді.
Қарағандыда – Орталық Қазақстанды
басқа облыс, елді мекендермен байланыстыра-
тын ірі көлік жолының торабы іске қосылды.
Осы жолдармен
Қарағандының көмірі жан-
жаққа тасылады. Ал қалаға машина, ағаш
және халыққа қажетті азық-түлік, тауарлар
әкелінеді.
Қарағанды еліміздегі ірі мәдени және ғы-
лыми орталық. Қалада Қарағанды уни вер сите-
ті, политехникалық, медициналық, педагоги-
калық институттар бар.
Драма театры, Өлкетану
музейі, кітапханалар, жобалау институттары
жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: