§31. Қазақ батырлары 1. XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хан- дығы. XVIII ғасырдың басында Қазақ хан-
дығының ішкі және сыртқы жағдайы аса ауыр
еді. Қазақ хандығы үш жүзге (Ұлы жүз, Орта
жүз, Кіші жүз) бөлінді. Әр жүзді жеке хандар
биледі. Олар ұлы ханға бағынғысы келмеді.
Сұлтандар ұлыстарды дербес билеуге ұмтылды.
Осы жағдайды сыртқы жаулар пайдалан-
ды. Қазақ хандығына оңтүстік-батыстан Еділ
қалмақтары, солтүстігінен Сібір казактары ша-
буыл жасады. Ал Жайықтың арғы бетіндегі
башқұрттар жайылым үшін жиі шапқыншы-
лық жасап тұрды. Қазақ еліне Орта Азия
хандықтары (Бұхар, Хиуа) да үстемдік жүргізуге
ұмтылды. Осы кезде қазақ халқына ең қатерлі
қауіп Жоңғар хандығынан төнген болатын.