98
алу заңы сақталды.
Бірақ билердің шешімі
бойынша жауапкердің келісімі арқылы жаза
жеңілдетіліп, қылмыскер белгілі мөлшерде құн
төлеп, өмірін сақтап қала алатын болды.
Өлтірілген ер адам болса, кісі
өлтіруші оның
туыстарына 1000
қой төлеген. Әйел адам болса,
500 қой төлеген. Сұлтан
мен қожаның құны жеті
адамның құнына тең болған. Құл өлтірілсе, оның
құнына бүркіт, аң аулайтын тазы төленген.
Ұрлық жасағаны үшін иесіне малды «үш
тоғыз» етіп қайтарған. Егер адам бір түйе ұрласа,
бір тұтқын қосып, жылқы үшін бір түйе, қой бол-
са – бір жылқы қосып беруге тиісті болған. Жүз
түйе – 300 жылқыға не 1000 қойға теңелген.
«Жеті жарғы» ережелері бойынша өлім жаза-
сы,
құн төлеу, мал-мүлкін тартып алу, елден қуу
және жұрт алдында масқаралау сияқты жаза-
лар қолданылған.
«Қару асынатын»
ересек ер адамның заң
алдында толық құқығы болды. Ал әйелдер,
қызметкерлер, малайлар мен құлдар сотқа
қатыстырылмады. «Жеті жарғы» – ел билеу ші-
лерінің мүдделерін қорғауға, мұсылман дінін
қолдауға бағытталған заң жинағы.
Достарыңызбен бөлісу: