Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет10/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   244
§3. археология
1. археология  нені 
зерттейді? «Археология»   
грек тілінен аударғанда 
«ертедегі ғылым» деген 
мағынаны білдіреді. Ар-
хеология адамзаттың өт-
кен тарихын, тіршілігін 
заттай деректер арқылы 
зерттейді. Қазба жұмыс-
тарын жүргізетін, зат-
тай деректерді зерттей-
тін  ға лым 
археолог  деп 
аталады.
Тарихта ешнәрсе із-
түзсіз жоғалып кетпей-
ді. Ертеде өмір сүрген 
адамдардан қалған қи-
раған қала орындары, түрлі әшекейлер, қыш 
ыдыстар сияқты тұрмыс та пайдаланылған бұ-
йымдар, тас мүсіндер, жартастағы бейне лер, оба-
лар, молалардан та былған заттар 
археология-
лық ескерткіштер деп аталады.
Мыңдаған жылдар бұрын адамзат қалай 
өмір сүрді? Нені мекен етті? Қандай еңбек құ-
ралдарын пайдаланды? Олардың тамақтары 
қандай болатын? Киімдерін, тіршілікке қажет-
ті заттарды неден жасады деген сұрақтар біздің 
әрқайсымызды ойландырады. Бұл сұрақтың 
біразына археология ғылымы жауап береді.
Археологиялық қабаттар
1. Тарихи  ескерткіштер 
де геніміз:
а) Шежірелер
ә)  Батырлар жырлары
б)  Жер атаулары
в) Ежелгі адамдардың қо-
ныс-тұрақтары,  та ри-
хи орындар мен тас та ғы 
суреттер, ор тағасырлық 
қала лар,  т.б.
2.  Археологиялық  ес керт-
кіштерге не жатады?
а) Өлке жөніндегі мате-
риалдар
ә) Шаруашылық туралы 
мәліметтер
б)  Мұрағат деректері
в) Ертедегі қала орында-
ры, ортағасырлық құ ры-
лыстар, ежелгі тұ 
рақ-
қоныстар,  тас  мү сін дер 
мен  жар тас та ғы  бей-
нелер.


14
Әлкей Марғұлан (1904 –  
1985) – әйгілі ға 
лым, 
фольклоршы,  тарих шы, 
эт но граф  және  археолог. 
Фи лология  ғы лым да ры - 
ның докторы, ҚазКСР 
ҒА академигі, профессор, 
Отан дық  археологиялық 
мек тептің  негізін  салу шы.
Ғалым қазақ халқы ның
ежелгі өнері мен ма 
те-
риалдық мәдениетін зерт-
теген. Ұзақ жылдар бой-
ғы  еңбегінің  нәти же сінде 
Орталық  Қазақ стан  дағы 
қола  дәуі рі нің  қоныстары 
мен оба ларын ашты. Сол 
кезде өмір сүрген тайпа-
лар  дың  мәдени  ескерт-
кіш терін зерттеді. Ә. Мар- 
 ғұлан  «Орталық  Қа зақ-
станның  Бе ға зы-Дән ді бай 
мәдениеті» атты еңбегі 
үшін 1982 жылы  Мем-
лекет тік  сый лық  алды. 
«Орта лық  Қазақ стан ның 
ежелгі  мә дениеті»  ат ты 
еңбегі Ш. Уәли ханов атын-
дағы сый 
лыққа ие бол-
ды. 300-ден аса ғылыми 
мақалалар жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет