Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет13/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   244
§4. Этнография
1. Этнография дегеніміз не? Этнографиялық 
зерттеу қалай жүргізіледі? 
Этнография – та-
рих ғылымының бір саласы. Ол тайпалар мен 
халықтардың шығу тегін, тұрмысын, кәсібін,  
әдет-ғұрпын, ерекшелігін зерттейді.
  Этно граф-
тың жұмысы өте қызықты әрі жа 
уапты. Ха-
лықтың күнделікті өмірі мен тіршілігін, әдет-
ғұрпын зерттеу үшін этнограф салт-дәстүр 
жақсы сақталған жерлерге барады. Онда сол 
халықтың қашан пайда болғанын, тұрмысын 
жақсы білетін қария адамдармен әңгімелесіп, 
олардың айтқандарын жазып алады. Этно 

граф сол жердегі тұрғындардың өмірі мен тір-
шілі гін терең білу үшін жиын-тойға да қа ты-
сады. Кейбір маңызды көріністерді суретке 
түсіріп, үнтаспаға жазып алады, сирек кез-
де 
сетін бұйымдарды жинайды. Этнограф өз 
зерттеуіне музей дерек 
терін, ертеректе жа-
зылған қолжазбаларды да пайдаланады. Сая-
хатшы лар дың  мә лімет теріне,  бұрыннан  сақ-
талып қалған әдеби мұраларға да көңіл бө-
леді. Жер гілікті халықтың даму жолын, басқа 
халықтардан ерекшелігін анықтайды. Мыса-
лы, қазақ халқының этнографиялық тұрмы-
сын қазақтармен қатар орыс және шетелдік 
ғалымдар да терең зерттеген. 
Этнология – этнография ғылымының бір 
саласы, ол халықтардың қашан, қай уақытта 
пайда болып, қалыптасқанын, арғы тегін 
зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет