Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет136/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   244
5.  Дина  нұрпейісова  (1861–1955) – жастайы-
нан Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, 
Ұзақ сияқты атақты күйшілердің күйін мәніне 
келтіріп тартқандықтан, «домбырашы қыз» 
атан ған. Дина туралы естіген күйшілердің алы-
бы Құрманғазы арнайы келіп, батасын беріп, 
оның болашағынан үміт күткен. Дина тоғыз жа-
сынан он тоғыз жасына дейін Құрманғазының 
шәкірті болып, қазақтың күй өнерінің құдіре тін 
үйренеді.
Тоғыз жасында Құрманғазыдай ұлы күйші-
ден бата алған Дина 90 жасқа толған салтанат-
ты кешінде Құрманғазының күйін шабыттана 
тартып, дүйім жұртты таңғалдырған.
Динаның елімізге танымал «Ана бұйрығы», 
«Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бұлбұл», «Жігер», «Же-
ңіс» сияқты шығармалары оның біртуар дарын, 
әйгілі күйші, композитор екендігін дәлелдейді.
Құрманғазы Сағырбайұлы
 
Халық әндері мен 
күйлері нені білдіреді?
 
Ерте замандағы 
қандай әншілер мен 
күйшілерді білесің?
 
Қорқыт, Асанқайғы 
туралы әңгімелеп бер.
 
«Құрманғазы Сағыр-
байұлы – қазақтың 
күйші-сазгері» деген 
тақырыпта әңгіме 
дайында.
 
Дина қандай күйлер 
шығарған?


136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет