Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет135/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   244
4.  Құрманғазы  сағырбайұлы  (1823–1889) – 
атақты  күйші, сазгер. Құрманғазының өнерге 
әуестігі жас шағында-ақ байқалады. Ол алты 
жасынан байдың қозысын бағып жүргенде, өзі 
жасап алған домбырасымен ауылда естіген ән-
күйін тартып үйрене бастайды.
Құрманғазы ержеткенде өзінің ұстазы, атақ-
ты домбырашы Ұзақпен ел аралап, өнер сайысы-
на қатысып, домбыралық өнерін шыңдайды.
Асанқайғы
 
Қорқыт ата кім болған: 
ойшыл, ғалым, саз-
гер, жыршы, жырау, 
ақын, күйші, әнші? 
Оқулықты және 
түсіндірме сөздікті пай-
даланып, осы сөздердің 
айырмашылығын 
анықта. 
 
Төмендегі тізімдегі 
жандар қандай ісімен 
ел есінде қалған: 
Құрманғазы, Жирен-
ше, Асанқайғы, Сырым 
Датұлы, әл-Фараби, 
Айша бибі, Шырақ.
 
Оқулықтан және 
қосымша әдебиеттерден 
алған біліміңді пай-
далана отырып, осы 
қайраткерлердің бір-
екеуі жайлы әңгімеле.


135
Құрманғазы өмір сүрген уақыт Ресей импе-
риясының отаршылдық езгісі күшейіп, шек-
тен шыға бастаған кезі еді. Ол тұңғыш шығар-
маларының бірі – «Кішкентай»  атты күйін 
Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліске арна-
ды. Бұл күйден халықтың ерлігі, қайғысы мен 
күйініш үні естіледі.
«Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Адай», 
«Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Жігер» сияқты күй-
лерінде азат өмірді аңсаған халықтың арма-
ны, үміті, халық күресінің құдіреті, ерлігі 
дәріп теледі.  Құрманғазының  «Сарыарқа»  атты 
шығармасында халықтың асыл арманы мен 
жеңілмес бейнесі  көрініс тапқан. 
Құрманғазының жанына шәкірттері, жас 
күйшілер Дина Нұрпейісова, Меңдіғали Сү-
лейменов, Ерғали Есжанов және басқалар жина-
лады. Құрманғазыдан күй тартудың қыр-сырын 
үйренген шәкірттері кейін өздері де атақты 
күйші атанады.
Бүкіл өмірін күйге арнаған Құрманғазының 
бізге 60-тан аса күйлері жетті. Озық ойлы орыс 
азаматы Н. 
Ф. Савичев Құрманғазы туралы: 
«...Егер ол еуропалық білім алғанда, музыка 
әлеміндегі ең алып жұлдызға айналар еді» деп 
жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет