Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет134/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   244
Байланысты:
5 synyp

3.   асанқайғы  – XV ғасырда өмір сүрген 
атақты ойшыл, ақын. Қазақ хандығын құрған 
Жәнібек ханның қасында жүріп, оның жы-
рауы, ақылшысы болған. Асан өз халқының 
бүгінгі күні мен келешегін ойлап, қайғыра 
бергендіктен оны Асанқайғы  деп атап кеткен. 
Халқы бақытты өмір сүретін жер іздеген, ол 
оны – «Жерұйық» деп атайды. Ол армандаған 
Жерұйықты мекендейтін елдің бай-кедейі бол-
майды. Бәрі тең, барлығы қайғы-қасіретсіз 
бақытты өмір сүреді. Жау алмайтын, суы сүт, 
тасы алтын, ағаш басы жеміс-жидекке толы 
құтты қоныс. Асанқайғы ел қамын ойлап, сол 
құтты жерді табу үшін дүниенің төрт бұрышын 
кезіп, таба алмай, өкінішпен дүниеден өтеді.
Асанқайғының «Жерұйық» жайлы аңызы өз 
халқының бақытты болашағын аңсаған арма-
нынан туған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет