5. Ұлттық тағамдар. Мал шаруашылығымен
айналысқан көш
пелі қазақтардың негізгі
тағамы ет пен сүттен жасалған. Биенің сүтінен
қымыз, түйе сүтінен шұбат дайындаған. Сиыр,
қой мен ешкі сүтінен қаймақ, май, ірімшік, ай-
ран, қатық, сүзбе, құрт, т.б. тағамдар жасаған.
Қастерлі тамақтарының бірі – тары. Қуырып
ақтаған тарының жармасына сары май мен
шекерді араластырып жент дайындаған. Тары-
ны түйіп, тары көже пісірген.
Жылқының жал, жая, қазы, қарта, шұжығы
кәделі ас саналады. Құрт езілген сорпа ішкен.
Бауырсақ, шелпек, кеспе, көже және күріштен
сүт ботқа мен күріш көже, палау дайындаған.
Мәдениет дегеніміз не? Материалдық және
рухани мәдениетке не жатады?
Қазақтың еңбек құралдары туралы айт.
Киіз үй туралы әңгімеле.
Қазақтың ұлттық киімдерін суретте. «Қазақ
киімі» деген тақырыпта сурет сал.
Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.
«Киіз үйді тігу екінің
бірінің қолынан келе бер-
мейді. Тәжірибесіз адам-
ның тіккен киіз үйі бір
жағына қисайып немесе
уығы ырғып кетеді.
Киіз үйді тіккенде ең
бірінші керегені жайып,
оның сығанақтарын таң-
ғыштармен біріктіре та-
ңады, есігін орнатады.
Басқұр-таңғыштармен
мық
тап таңылған кереге
шең
берінің үстінен ша-
ңы
рақты бақанмен көте-
ріп, оған уықтар шанша-
ды. 12–18 қанат үйлер
өте биік болғандықтан,
атты кісі шаңырақты
кө
теріп тұрады, ал өзге
кісілер уықты шаншиды.
Уықты керегенің басына
балақбау арқылы байлап
бекітеді. Шалма жіппен
уық тардың
ортасынан
байлап, бір-бірінің ара-
сын жалғастырады. Әрбір
уық қаламын шаңырақ
қалам дығына
кіргізіп,
екінші жағынан құрмен
шалмап шығады. Осы-
дан кейін туырлық, үзік,
түндік, киіз есік деп ата-
латын киізден жасалған
бөлшектермен жабады да,
баумен байлап бекітеді».
Қазақстан Ұлттық
энциклопедиясынан
Достарыңызбен бөлісу: |