147
Ірі сәулет құрылыс та-
рына не жатады?
X–XII ғасырлар
ғи марат тарының
ерекшелігін ата.
Мешіт не үшін
салынған? Кесене
дегеніміз не? Қандай
кесенелерді білесің?
Айша бибі кесенесі ту-
ралы әңгімелеп бер.
Қожа Ахмет Йасауиді
неліктен түркі ха лық-
тары қадір тұтады?
Қожа Ахмет Йасауи
кесенесі қашан салынды?
Қазақтар Наурыз
мерекесін қалай той-
лайды? Қазақстанда
тұратын қандай
ұлттардың салт-
дәстүрін білесің?
Сөзге шешен болу үшін
қандай қасиет қажет
деп ойлайсың? Қазақ
шешендері туралы
әңгімеле.
Музыка адамға қалай
әсер етеді? Қазақтың
әндері мен күйлерінде
қандай мәселелер жыр-
ланады?
Қорқыт ата туралы
не білесің?
Құрманғазыны нелік-
тен «күй атасы» дейді?
Ауыз әдебиетінің
туындылары бізге
қалай жеткен?
Алдаркөсе, Жиренше ту-
ралы білетініңді айт.
§46. ііі бөлім бойынша
қорытынды қайталау
X–XII ғасырларда Қазақстан аумағында
сәулетті ірі құрылыстар тұрғызылды. Ислам
дінінің нығаюына байланысты
діни кешендер
салу ісі дамыды.
Оларға мешіттер, кесенелер,
мазарлар, т.б. жатады. Қожа Ахмет Йасауи
кесенесі XIV–XV ғасырлардағы тамаша сәулет
өнерінің туындысы.
Наурыз –
береке мен бірліктің, Шығыс
халықтарының жыл басы мерекесі.
Өнер –
ауқымы кең ұғым. Өнер көп сала-
лы. Шешендік өнер – соның бір саласы.
Қазақ
шешендері мен билері – Төле, Әйтеке, Қазыбек,
Асанқайғы, Жиренше, Сырым Датұлы және
басқалары мәңгілік өшпес мұра қалдырған.
Музыка – адамның жан дүниесін, көңіл күйін,
сезімін, күш-жігерін бейнелейді. Күй – қазақ
халқының ертеден келе жатқан музыкалық
шығармасы.
Қазақ ауыз әдебиеті – ұрпақтан-ұрпаққа
ауызша айтылу арқылы жеткен асыл қазына.
Халықтың ауыз әдебиеті туған жерді, Ота-
нын сүюге, адал еңбек етуге,
достыққа, адам-
гершілікке шақырады. Жамандықты, озбыр-
лықты әшкерелейді.
Қазақстан аумағын ертеде мекендеген адам-
дар Тәңірге, отқа табынған.
Ислам діні тарала
бастағанда қалаларда діни медреселер, мешіттер
салынып, ғылым
мен білімнің дамуына жол
ашылды.
Көшпелі мал шаруашылығымен және егін-
шілікпен айналысу, сауданың дамуы, көрші
халықтармен байланыс жасаудың бәрі қа
зақ-
тардың экономикалық дамуына үлкен ықпал
етті.