Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет15/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   244
3.  Ұлт,  тайпа,  халық.  Жер шарын мекен-
деген адамдар түрлі ұлттар мен тайпалар, 
халықтардан құралған. 
Ұлт – шаруашылығы, 
тілі, мекендеген жері, мәдениеті мен тұрмысы 
ортақ адамдардың бірлігі. Ұлт адамдарының 
бәрі бір тілде сөйлейді. Олардың мекендеген 
қонысы да ортақ саналады.
Халықтар мен ұлттарды сыртқы түрінің 
 
ерекше белгілеріне қарап үш топқа: еуро-
пеоидтық (ақ нәсіл), моңғолоидтық (сары нәсіл) 
және  не гроидтық (қара нәсіл) деп үш нәсілге 
бөледі. Әр нәсіл бір-бірінен сыртқы тұрпаты 
(дене бітімі, шашы, терісінің түсі, көз қиығы) 
бойынша ажыратылады.
Халықтар діни тұрғыдан да топталады. Жер 
шарын мекендеген адамдар әлемдік үш негізгі 
дінге – мұсылман, христиан, будда діндеріне 
сыйынады. Бұдан басқа ұсақ діндер де бар.
Этнографиялық деректер жинау ерте заман-
нан қолға алынған. Ежелгі Египет, Вавилон 
және Парсы елдері басқа мемлекеттермен сауда-
саттық жүргізу немесе жаулап алу үшін олар 
жайлы түрлі мәліметтер жинады. Көпшілік 
жағдайда мұндай мағлұматтарды бір елден 
екінші елге барып жүретін саудагерлер мен сая-
хатшылар, елшілер жеткізіп отырған.
Моңғолоидтық  
нәсіл
Еуропеоидтық 
нәсіл
Негроидтық 
нәсіл
 
Этнография ұғымын 
қалай түсінесің?
 
Этнографиялық  
деректер қалай  
жиналады?
 
Этнографиялық  
мәліметтер  
не үшін қажет?
 
Салт-дәстүр,  
әдет-ғұрып туралы  
не білесің?


18


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет