3. азамат соғысы. Бұрынғы патша шенеу-
ніктері мен генералдары, билеушілер айырыл-
ған билік пен байлықтарын қайтарып алғысы
келді. Бірнеше рет Кеңес өкіметін құлатуға
әрекет жасалды. Олар өздерінің армиясын –
ақ гвардия (ақтар) құрды. Шетелдік Антанта
ода ғы да (АҚШ, Англия, Франция, Жапония
мемлекеттері) Кеңес еліне қарсы әскерін аттан-
дырды.
Кеңес өкіметіне қарсы ақтар (ақ гвардия-
шылар) күш біріктіріп, қарулы күреске шықты.
Елде азамат соғысы басталды. Жаңа құрылған
Кеңес өкіметінің жағдайы өте қауіпті де
ауыр болды. Большевиктер (қызылдар) қол-
да рына қару алып ақ гвардияшылар мен ше-
тел басқыншыларына қарсы со
ғысып, азамат
соғысында жеңіске жетті.