Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет155/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   244
5.   Ксро  құрылуы.  Кеңес өкіметінің жау-
ларынан қорғану кезінде әбден күйреген өнер-
кәсіп пен ауыл шаруашылығын қалпына кел-
тіруі, мәдениетті одан әрі дамыту үшін респуб-
ликалардың бір одаққа бірігуі қажет болды. 
Мәскеуде 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес-
тердің  Бүкілодақтық бірінші съезі өтті. Оған 
елдің барлық аумағынан орыс, украин, бело-
рус, әзірбайжан, армян, татар, қазақ, түрікмен, 
өзбек, т.б. делегаттар қатысты. Съезд деле-
гаттары  Кеңестік Социалистік Республика-
лар Одағы (КСРО) құрылғаны туралы шешім 
қабылдады. Оның құрамына кірген ұлттық 
республикалардың барлығы Орталыққа, яғни 
Мәскеуге тәуелді болды. КСРО-ның астанасы 
Мәскеу  қаласы болып белгіленді. КСРО-ның 
құрамына Қазақстан да кірді. Одақ құрамына 
енген республикалар аумағы, халқының саны, 
өнеркәсіп пен мәдениетінің дамуы жағынан 
әртүрлі болатын. Бұл республикалар өз алдына 
дербес экономикасын, жеке тәуелсіз саясатын 
жүргізе алмады, орталық билікке бағынышты 
болды.
Республикалардың өзіндік рәміздері: гербі, 
туы мен гимні бекітілді. Әрбір респуб ликаның 
өз астанасы болды.
 
Ресейде патша құла-
тылғаннан кейін 
қан дай өзгерістер орын 
алды?
 
Қазан төңкерісінен 
кейін қандай декрет-
тер қабылданды? 
 
Қазақстанда Кеңес 
өкіметі қалай орнады?
 
Кеңес өкіметі 
жүргізген алғашқы 
шаралары туралы 
әңгімелеп бер.
 
КСРО дегеніміз не және 
ол не үшін құрылды?
1. Қазан төңкерісі 
жеңіске жеткен күн? 
а) 1917 жылы 1 ақпан 
ә) 1917 жылы 8 наурыз
б)  1917 жылы 14 шілде
в)  1917 жылы 25 қазан
г)  1917 жылы 29 қазан
2.  Қазақ Автономиялық 
Кеңестік Социалистік 
Республикасының 
құрылған уақыты
а) 1919 жылы 20 тамыз
ә) 1919 жылы 11 жел-
тоқсан
б)  1920 жылы 15 наурыз
в)  1920 жылы 26 тамыз
г)  1920 жылы 30 тамыз


152


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет