Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет156/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   244
§48. алаш қозғалысы
1.   алашорда  үкіметінің құрылуы. «Алаш» – 
ертедегі түрік сөзі, «бауырлас, қандас, туыс» 
 
деген мағынаны білдіреді.
Ұлттың азаттығы мен бостандығы үшін кү-
рескен азаматтар ертедегі «алаш» ұғымын қайта 
жаңғыртты. Олар «алаш» түсінігін бостандық 
пен бірліктің ұраны ретінде қабылдады.
1917 жылы патша тақтан түсірілген соң, 
Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, 
Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Тыныш-
баев және басқалар «Алаш» партиясын құрды. 
1917 жылы 5–13 желтоқсан аралығында Орын-
борда Жалпықазақ съезі өтті. Съезде 25 мүшеден 
тұратын  Алашорда үкіметінің құрылғаны жа-
рияланды. «Алашорда» (Алаш автономиясы) де-
ген атпен үкімет құрылды. Алаш орда Кеңесінің 
төрағасы болып Әлихан Бөкейханұлы сайлан-
ды. Алаш партиясы Қа зақ станның жеке мем-
лекет болуын қалады. Алайда Алаш қозғалысы 
тәуелсіздікке қол жеткізе алмады. Кеңес өкіметі 
тарапынан қу ғынға ұшырап, Алашорда үкіметі 
таратылды. Алаш қозғалысының басшылары 
мен мүшелері қатал жазаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет