187
Еліміздегі жоғарғы заң шығарушы орган –
Парламент. Қажет болған жағдайда Парла-
мент негізгі заңға
өзгертулер мен толықтырулар
енгізе алады.
Қазақстан Республикасы азаматының негізгі
құқығы – әркімнің
еңбек ету бостандығы, қыз-
мет және кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы
болуы. Адал еңбек ету, еңбек тәртібін бұзбау –
әрбір азаматтың абыройлы ісі.
Конституцияның 29-бабына сәйкес, респуб-
лика азаматтары тегін кепілді медициналық
көмек алу құқығына ие.
Конституцияның 30-бабында: «Азаматтардың
мемлекеттік оқу орындарында тегін орта бі-
лім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу
міндетті» деп атап көрсетілген.
Біздің мектеп-
те оқып, орта білім алуымыз міндетті болып
табылады.
Конституция бізге құқықтармен қатар мін-
деттер де жүктейді. Еліміздің әрбір азаматы
өз құқықтары мен міңдеттерін біліп,
оны адал
орындауы керек.
36-бапта: «Қазақстан Республикасын қор-
ғау – оның әрбір азаматының қасиетті боры-
шы және парызы» деп атап көрсетілген. Демек,
Отанды қорғау – барлығымыздың азаматтық
бо ры шымыз.
Қазақстан Республикасының Конституция-
сына сәйкес, оның әрбір азаматы Конститу-
ция мен заңдарды сақтауға, басқа адамдардың
құқықтары мен бостандықтарын, абыройы мен
ар-намысын құрмет теуге міндетті.
Әрбір азамат
мемлекеттік рәміздерді құр-
мет
теуге, тарихи және мәдени мұралардың
сақталуына қамқорлық жасауға, табиғат бай-
лы қ тарын қорғауға міндетті.
Тәуелсіз Қазақ стан-
ның тұңғыш Консти-
туциясы қашан
қабылданды?
Жаңа Конституция
қашан қабылданды?
Қазақстан Республи-
касы азаматтарының
қандай құқықтары бар?
Қазақстан Республи-
касы азаматтарының
міндеттері қандай?
Конституцияның
19-ба бында: «Әркім
ана тілі мен төл
мәдение тін пайда ла-
нуға, қа рым-қатынас,
тәр бие, оқу және
шығар машылық
тілін еркін таңдап
алуға құқылы» деп
жазылған. Осы бап-
ты қалай түсінесің?
Ойыңды нақты мы-
салдар келтіре оты-
рып дәлелде.
1. Қазақстан Респуб ли ка-
сының Конституциясы:
а) азаматтардың
міндеттері
ә) баршаға арналған
құқық
б) мемлекеттің негізгі
заңы
2. Конституция
қабылданған күн:
а) 1993 ж. 10 қаңтар
ә) 1995 ж. 10 тамыз
б) 1995 ж. 30 тамыз