Байқаудың мақсаты: *Тәуелсіздік құндылықтары, мемлекеттік рәміздерді насихаттау арқылы адам бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген терең құрметті қалыптастыру, сапалы контент жасақтау



Дата07.11.2022
өлшемі15,67 Kb.
#48146

«Үздік пост» номинациясының ЕРЕЖЕСІ
«Серпіліс» ҚҚ «Үздік пост» номинациясына байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты:
*Тәуелсіздік құндылықтары, мемлекеттік рәміздерді насихаттау арқылы адам бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген терең құрметті қалыптастыру, сапалы контент жасақтау.
Байқау шарттары:
- Байқауға әлеуметтік желі қолданушылары, журналистер қатыса алады. Өңірге шек қойылмайды.
Байқаудың өту барысы:
- Мемлекеттік рәміздер туралы посттар әлеуметтік желіде жарияланады. Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы, Серпіліс қорының парақшалары, «Көк тудың желбірегені» тобы тегтелу керек.
Қолданылатын хэштегтер: Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл, көк тудың желбірегені, Рәміздерімді құрметтеймін.
Үздік посттарды қазылар алқасы мән-мағынасы, әлеуметтік желіде жазылған пікірлерді ескере отырып анықтайды.
Бас жүлде,
1 орын
2 орын
3 орын анықталады.
- Жазбалар байқау жарияланған күннен бастап, 1 тамызға дейін жарияланған болуы керек.
Байқауды өткізу тәртібі:
Жұмыстар 2022 жылғы қазанның 18-не дейін қабылданып, ашық түрде әділқазылар алқасының сараптамасынан өтеді. Жеңімпаз деп танылған тұлғалар Республика күніне орай өтетін жиында марапатталды.
Жеңімпаздарды марапаттау:
Байқау жеңімпаздары қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Қатысушылар өздері туралы мәліметті, байланыс телефондарын мына адреске жолдау қажет:
Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Түркістан көшесі 2/1 электронды пошта kyzmet_kz@mail.ru
Байланыс тел: Ұялы: 87016210651
ЖҮЛДЕ ҚОРЫ
Бас жүлде: Теледидар
1-ші орын: Ноутбук
2-ші орын : Ұялы телефон
3-ші орын : Смарт қолсағат

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет