2. Қазақстан халқының бірлігі – біздің басты
байлығымыз. Кең-бай
тақ Қазақстан жерінің
геогра фиялық және табиғат жағдайы мейлінше
әр алуан. Оның аумағы Еуразия құрлығының
қақ ортасында орналасқан – бұл еліміздің ма-
197
ңызды ерекшелігі. Осы
ұлан-байтақ жерді ата-
бабамыз аттан түспей
қорғап, бізге мұраға
қал дырды. Жан-жақ-
тан анталаған жау-
мен жағаласып жүріп
елдігін сақтап қалды,
қанша ауыр сынақты
бастан кешсе де ұрпақ
тәр биесін
ұмытқан
жоқ. Осының барлығы
қазақ хал
қының тарихи ерлігі. Біз ата-ба
ба-
мыздың осы ерлігін ұмытпай, қастерлеуге
міндеттіміз.
Қазақ халқы мемлекеттің ішінде өзге
ұлттармен сыйластықта өмір сүруге, ал сыртта
басқа елдермен, халықтармен достық қатынаста
болуға мүдделі. Міне, осы орайда қазақ халқы
өз тілін дамытуы, мәдениетін өркендетуі, дәс-
түрін қадірлеуі, ұлттық намысын қорғай білуі
тиіс. Және өзімен бірге өмір сүріп жатқан басқа
халықтардың да тарихы, әдет-ғұрпы мен дәстүр-
лері сақталуына кепіл болуы, сондай-ақ әлемге
өзін танытуы және сыйлата білуі – ең жоғары
әрі қиын жауапкершілік.
Қазақстанда сан алуан ұлт өкілдері бір үйдің
баласындай түсіністікпен, ынтымақпен өмір
сүріп жатыр. Бұл – республикамыздың басты
же тістігі және мақтанышы. Қазақстандағы бір-
лік пен келісім Ұлы Отан соғысы жылдары, тың
жерді игеру, елімізді өндіріс ошағына айналды-
ру кезеңдерінде халықтың ортақ жүкті жұмы ла
көтеруімен нығая түскен.
Қазақстандағы ұлттар арасындағы келісім
мен өзара түсі ніс тіктің өзіндік ерек шелік тері
бар. Атап айтсақ, Қа зақ стан ға көптеген ха лық-
тар өз ата-баба қоны
сынан ерік
сіз кө
ші
рілді.
«Мен ана тілімді жақ-
сы көремін. Қазіргі күні
көптеген аға-тәтелеріміз
қа зақ болғанымен, өз тілін
білмейді. Бұл өкінішті-ақ.
Туған тілімізді жоғалтып
алмау үшін үлкен-кішіміз
қазақша сөйлеуіміз ке-
рек. Басқа тілді білгеннің
зияны жоқ. Ол арқылы
өзге ұлттармен тілдесесің,
әдебиетімен, мәдениетімен
танысасың. Бірақ өз тілің-
ді білмесең, сені ешкім
сыйламайды. Ана тілі – ең
басты құралымыз, еңселі
елдігіміздің негізгі кепі-
лі. Осыны терең ұғынып,
ең алдымен ана тілімізді
құрметтеп, ардақтау па-
рызымыз» деп жазады Ал-
маты қаласындағы №81
мектеп гимназиясының
8-сынып оқушысы Жұма-
бекова Ләззат.
198
Ке ңес өкі метінің ал ғашқы жыл да рын дағы ха-
лық ша руа шылы ғын индус три ялан ды ру, ашар-
шы лық, Ұлы Отан со ғысы жылда рын дағы эва-
куация, тың және тыңайған жерлерді игеру
сияқты түрлі себептермен келіп орнықты.
Соғыс жылдары Қазақ
станға соғыс жүріп
жатқан өңірден поляк, неміс, шешен, ингуш,
балкар, қырым татарлары, месхет түріктері
және басқа ұлт өкілдері күшпен көшірілді.
Қазақ елі осындай сын сағатта оларды туған ба-
уырындай құшақ жая қарсы алып, достық пен
ынтымақтастықтың үлгісін танытты. Қазақстан
олардың екінші Отанына айналуына жағдай
жасады.
Қазіргі Қазақстанның көпұлтты спортшы-
лары қазақстандық патриотизмнің тамаша кө-
рінісі. Республика намысын абыроймен қорғап
жүрген жерлестеріміз арасында қазақ Ермұхан
Ибрайымов пен Бақыт Сәрсекбаев (бокс), армян
Мхитар Манукян (грек-рим күресі), украин
Анатолий Храпатый мен кәріс Олег Эм (ауыр ат-
летика), шешен Эльмади Жабраимов пен осетин
Ислам Байрамуков (еркін күрес), орыс Ольга
Шишигина (жеңіл атлетика) мен татар Руслан
Субайдуллин (жүзу) және басқа көптеген ұлт
өкілдері бар. Спортшылар жеңісі көңілге мақ-
таныш, еліміздің жарқын келешегіне деген үл-
кен сенім ұялатады.
Елімізде тыныштықты, халықтардың ауыз-
біршілігі мен өзара жарасымды ынтыма
ғын
сақтау – әрқайсысымыздың аса жауапты мін-
детіміз. Қандай жағдайда болсын өзімізге ең
қымбат нәрсе – Отанымыздың бейбіт өмірі мен
татулығын естен шығармауымыз керек.
Тәуелсіз Қазақ стан-
ның әлеуметтік-
экономикалық өмірінде
қандай өзгерістер
жүріп жатыр?
Н.Ә. Назарбаев
2006 жыл ғы
Қазақстан халқына
Жолдауында қандай
міндеттер қойды?
Қазақстан халқының
бірлігі мен достығын
сақтаудың қандай
маңызы бар?
Күнделікті өмірден
Қазақстандағы
халықтардың жа р а-
сымды ынтымағына
мысал келтір.
199
Достарыңызбен бөлісу: |