2. астана – Қазақстан респуб-
ликасының елордасы. Астана Са-
ры
арқа даласында, Есіл өзенінің
бойындағы нулы, сулы жерде ор-
наласқан. Бұл қаланың астана ре-
тінде таңдап алынуының бірнеше
себептері бар. Қала қазақ жерінің
орталығында, географиялық жа-
Астана. Ақорда
195
ғынан өте қолайлы жерде, әуе жолдары, темір-
жол мен автомобиль жолдарының қиылысында
орналасқан. Қала экологиялық жағынан да
қолайлы, таза, желдетіліп тұрады. Астана-
ны Алматыдан көшіруге байланысты сөзінде
Н.Ә. Назарбаев: «Бізге Ұлы Алатаудың бау ра-
йы тар бола қойған жоқ, керісінше, Же тісуды
тастап кетуге қимаймыз. Бірақ тарих тың қатал
талаптары осындай. Ал Алматы республиканың
ғылыми және мәдени орталығы ретінде әрбір
қазақстандықтың жүрегіне жа қын қала болып
қала береді», – деді.
Бүгінде Астана жыл сайын көркейе түсуде.
Астананы көркейтуге еліміздің түпкір-түпкір-
лерінен құрылысшылар, белгілі сәулетшілер
келді. Жаңа астананың құрылысына Италия,
Түркия, Швейцария құрылыс фирмалары қа-
тысуда.
ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана –
Әлем қаласы деп жарияланды. Қазір астана
құрылысы шапшаң дамып ке леді. Жаңа тұр ғын
үйлер мен зәу лім ғимараттар, мей рамханалар
са
лынып, көрікті алаңдар мен сая
бақтар бой
түзеуде.
Жаңа астананы XXI ғасырдағы сәулет өне-
рінің үздік бейнесіне айналдыру ісі қолға алын-
ды. Астананың жаңа жобасын жасауға ха-
лықаралық байқау жарияланды. Қаланы абат-
тандыру ісіне Жапония, Германия, Англия,
Болгария мен Шығыс елдерінің сәулетшілері де
қатысуда.
Жоспар бойынша Есілдің сол жақ жағалауына
республикалық әкімшілік-іскерлік орталық пен
жаңа тұрғын аудандар салу көзделіп, іске асыры-
лып жатыр. Парламент Сенаты мен Мәжілістің,
Президент резиденциясының ғимараттары және
басқа да бірқатар үкімет үйлері бой көтерді.
Қазақстанның тәуелсіздігін бейнелейтін
биік тігі 97 метрлік «Астана-Бәйтерек» кеше-
нінің құры лысы ерекше назар аударады. Аста-
на көз алдымызда Қазақстанның ең көркем
де әсем қаласына айналып келеді.
Қазақстан жерінде
қандай астана
қалалар болды?
Қазақстанның
астанасы неліктен
Ақмолаға көшірілді?
Алматы, Астана
қалалары туралы
салыстыра әңгімеле.
«Астана –
Отанымыздың
бас қаласы» деген
тақырыпта шығарма
жаз.
«Астана-Бәйтерек»
кешені
196
Достарыңызбен бөлісу: |