§63. Бүгінгі Қазақстан 1. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңында.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қыс-
қа мерзім ішінде Қазақстанның экономика-
сында үлкен өзгерістер жүзеге асырылды. Қа-
зақстан әлеуметтік-экономикалық реформалар-
ды жү
зеге асыруы жағынан бұрынғы КСРО
елдері мен Батыстың бірқатар елдеріне үлгі бола
білді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев жыл сайын қазақстандықтарға
Жолдау арнайды.
«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деп атала тын
Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсеке-
ге қабілетті 50 елдің қатарына ену бағыттары
айқындалған. Жолдауда еліміздің алдағы да му
жос
пары анықталып, бірқатар маңызды мін-
деттер нақтыланады. Маңызды міндеттердің
бірі – Қазақстанның болашағы саналатын жас-
тар бойында қазақстандық патриотизм сезімін
тәрбиелеу.
Жастар – Отанымыздың күш-қуатын ны-
ғай
татын, ғылымды, экономиканы дамыта-
тын, әлеуметтік проблемаларды шешетін, же-
тістіктерін одан әрі арттыратын үлкен күш.
Қазақстанның өскелең дамуына бағытталған
барлық іске жастар қолдау көрсетіп, белсене
қатысуы тиіс.
Республикада халықтың өмірі жақсара баста-
ды. Зейнетақы мөл шері артты. Мұғалімдердің,
дә рі герлердің,
мәдениет
қызмет кер ле рінің
жалақысы көтерілді.