Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет29/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   244
§8. тарихи карта
1.  Карта  тарихы.  Тұңғыш карта Қытайда 
жасалған. Ежелгі Грекияда да карта жасау ісі 
дамыды. Бірақ ол кезде мемлекеттің жер көлемі 
мен аумағын дәл анықтайтын техникалық 
құралдар болмағандықтан, жер атауы мен 
пішінінде дәлсіздіктер кездеседі. Дегенмен бұл 
тұңғыш карталардың сол кезде маңызы зор 
болған.
XVI–XVII ғасырларда Италия, кейінірек Гол-
ландия сияқты елдерде карта жасау ісі дамыды.
2.  Картаның  маңызы.  Карта – жер бетінің  
немесе оның жекелеген бөліктерінің кішірей-
тілген көрінісі. Картадағы әрбір сызықша мен 
белгінің атқаратын өз қызметі бар. Картаны 
дұрыс пайдалану үшін оның шартты белгілерін 
білу керек.
Картада орманды, далалы, батпақты алқап, 
елді мекен, жол, өзен-көл, байланыс желілері, 
тіпті диірмен, жеке ағаштар да көрініс табады. 
Карта мазмұнында қосымша түсініктемелер, 
ормандағы ағаш түрлері, көпірдің ұзындығы 
мен ені, өзеннің ағыс бағыты, т.б. мәліметтер 
көрсетіледі.
Карта саяхатшылар мен теңізшілер, ұшқыш, 
геолог, агроном және басқа мамандық иелері 
үшін өте қажет.
География, тарих  пәндерін оқып-үйренгенде 
әр түрлі карталармен жұмыс істеуге тура ке-
леді. Карта осы пәндерді жақсы меңгеруге кө-
мектеседі.
Картада материктер мен үлкен аймақтар, 
мемлекеттер арнаулы деректер арқылы кіші-
рейтіліп түсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет