33
Мемлекеттер әртүрлі түспен ерекшеленіп
көрсетіледі. Әр мемлекеттің атауы жазылады.
Егер мемлекет аумағы шағын болса, ол санмен
беріледі де, мемлекеттің аты картаның жиек
сызығының төменгі жағында көрсетіледі.
Географиялық және тарихи карталар
бо-
лады. Тарихи картадан белгілі бір дәуірдегі
маңызды оқиға болған жерді, көтеріліс, шай-
қас орындарын, мәдени ескерткіштерді, ірі
қа
лаларды, өнеркәсіп аймақтарын біле ала-
мыз.
Географиялық картада теңіз бен өзендер
көгілдір түспен, жер бедері жасыл, сары, қоңыр
түсті бояулармен көрсетіледі. Ал тарихи картада
бұл түстер басқа мағынада пайдаланылады.
Мәселен, «Түрік қағандығы» картасындағы
жасыл түс ертедегі түрік тайпалары мекен-
деген аумақты белгілейді. Тарихи картада
географиялық картада жоқ шартты белгілер
кездеседі. Мысалы, үлкенді-кішілі бағдаршалар
мен салт аттылар кескіндері шайқас болған
жерді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: