Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет4/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   244
Байланысты:
5 synyp

Рашид ад-Дин (1247–1318) – Иран тарих-
шысы және мемлекет қайраткері, діни ғұ лама, 
энциклопедияшы ғалым, дәрігер, ботаник 
әрі табиғаттанушы болған. Оның «Жамиғ ат-
тауарих»  («Жылнамалар жинағы») еңбегін-
Геродот


7
де түркі тайпаларының тарихы, көшпелі тұр-
мысы мен әдет-ғұрпы туралы мәліметтер беріл-
ген. Оның ішінде қазақ елінің тарихы мен гео-
графиялық жағдайына тоқталады. Алаша хан 
мен Оғыз хан жайлы, моңғол шапқыншылығы 
туралы құнды деректер келтірілген.
Мұхаммед Хайдар Дулати  (1499–1551)  – 
Жетісудағы дулат тайпасынан шыққан тарих-
шы, әдебиетші ғалым. 1546 жылы жарық көрген 
«Тарих-и Рашиди» еңбегінде орта ғасырларда 
Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тай-
палар мен мемлекеттердің тарихы жазылған. 
 
Онда Қазақ хандығы туралы да маңызды де-
ректер бар.
2. тарихты білу не үшін керек? Тарихты  
білу – сонау өткен замандағы маңызды оқиға-
ларды, сол кезеңдегі адамдардың өмір-тіршілі-
гін оқып-үйрену. Адамзаттың дамуы барысын-
да жинақтаған мәдени жетістіктерімен, айтулы 
тұлғалардың жарқын істерімен танысу. Өткен 
өмірден сабақ алып, қателікті қайталамауға ты-
рысу, келешекті болжай білуге талпыну.
Тарихты оқып-үйрену арқылы біз ата-баба-
ларымыздың қалай халық болып қалып 
тас-
қанымен танысамыз, мемлекеттігін қалай құр-
ғанын, олардың өмірінде қандай шапқын шы-
лық соғыстар орын алғанын, қандай жеңіске 
жеткенін білеміз.
Тарихты білу өз өлкеңді, туған еліңді тану-
дан басталады. Қазақстанда өмір сүретін әрбір 
адам осы елдің тарихын жете білуге міндетті.  
3. Қазақстан тарихы – дүниежүзі тари хы-
ның құрамдас бөлігі. «Қазақстан тарихынан 
әңгімелер»  пәні – еліміздің көне заман нан бү-
гінге дейінгі тарихында өткен аса маңызды 
оқиғаларды хронологиялық ретпен баяндай-
ды. Ұлт тұлғалары – көрнекті ғалымдар мен 
ақын-жазу шылардың, белгілі қоғам және өнер 
қайраткерлерінің өмір жолымен, шығарма шы-
лығымен таныстырады.
Міржақып Дулатов – 
жазушы, ақын, драматург. 
Қазақ мәдениеті мен әде-
биетінің ірі өкілі. 1913 жы- 
лы жазылған «Қазақ» ат-
ты мақаласында: «Өзінің 
тарихын жоғалтқан жұрт, 
өзінің тарихын ұмытқан 
ел қайда жүріп, қайда 
тұратындығын, не істеп, 
не қойғандығын білмейді, 
келешекте басына қандай 
күн туатынына көзі жет-
пейді... Тарих – түзу және 
үйретуші, тарих тірші лік-
те жолбасшы дейтініміз 
 
осы», – деп жазған.
Мұхаммед Хайдар 
Дулати 


8
«Қазақстан тарихымен» қатар «Дүниежүзі 
тарихын» да оқисың. Өйткені Қазақстан тари-
хы – дүниежүзі тарихының құрамдас бөлігі. 
«Дүниежүзі тарихы» пәнінде әлем мем 
ле-
кет тері мен халықтары ның тарихы оқытылады. 
Бұл пәннен жер шарын мекендеген елдердің 
көне заманнан бүгінге дейінгі өмір жолын оқып 
білесің.
Дүниежүзіндегі адамзат сонау ежелгі заман-
нан бері бір-бірімен араласып, өзара байланыс-
та өмір сүріп келеді. Біз тарих пәнінен ата-
бабаларымыздың көршілес және шалғайдағы 
елдермен қандай қарым-қатынаста болғанын 
біле аламыз.
Өткенімізді білмесек, қазіргі өмірді ұғынып, 
болашаққа бағдар жасай алмаймыз. «Қазақстан 
тарихы» пәнін оқып-үйренудің құндылығы да, 
міне, осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет