Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет46/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   244
Байланысты:
5 synyp

§14. і бөлім бойынша  
қорытынды қайталау
мен білемін...
Тарих – түрлі халықтардың қалай өмір 
сүргенін, қандай оқиғалар болғанын, адам-
дардың өмірі қалай және неліктен өзгеріске 
түскендігін зерттейтін ғылым. 
Біздің еліміздің тарихы «Қазақстан тари-
хы» деп аталады. Ол – дүниежүзілік тарихтың 
бір бөлігі.
Өткен замандағы адамдардың өмірі мен 
тұрмысы жайында олардан қалған тарихи де-
ректер, суреттер және жазулар арқылы білеміз. 
Тарихи дерек дегеніміз – өткен өмір туралы 
түрлі мәліметтер жиынтығы. Тарихтың сыры 
мен құпиясын ашып көрсететін жазбалар жаз-
баша тарихи дерек деп аталады.
Археология – адамзаттың өткен тарихын 
заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым. 
Этнография – тайпалар мен халықтардың 
шығу тегін, тұрмысын, кәсібін, салты мен әдет-
ғұрып ерекшеліктерін зерттейді. 
Өлкетану – өлке, оның табиғаты, онда 
тұратын халықтардың тарихы мен мәдениеті, 
шаруашылығы туралы білім жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет