Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет49/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   244
§15. Қазақстан аумағын  
мекендеген алғашқы адамдар  
мен ежелгі тайпалар
1. тас дәуіріндегі Қазақстан. Құрметті ба-
лалар! Сендер 6-сыныпта «Ежелгі Қазақстан 
тарихын» оқығанда  адамзат тарихының даму-
ын бірнеше кезеңдерге бөліп, тас дәуірі, қола 
дәуірі, темір дәуірін тереңірек  оқисыңдар. Осы 
дәуірлерге қысқаша тоқталайық. 
Тас дәуірі (палеолит) – ең алғашқы адам-
дар тіршілік еткен дәуір. Тас дәуірі ғылым 
тілінде палеолит деп аталады. Тас дәуірі шама-
мен б.з.б. 600–12 мыңжылдық арасын қамтиды. 
Осы кезде алғашқы адамдар өмір сүріп, тіршілік 
ету үшін тастан жасалған құралдарды пайда-
ланды. Бұлар – кесуге, қы руға қолайлы тес-
кіш, қол шапқы, қырғыш және ішінара ағаш 
пен  сүйектен жасалған еңбек құ 
ралдары. 
Ар 
хеолог ғалымдар Қазақстанның бар 
лық 
өңірлерінен тас құралдарды тапты. Ал 
ғашқы 
адамдар табиғаттың дайын өнімдерін пайда-
ланды. Жеуге жарайтын жемістерді терді
өсімдік тамырын қазды. Жабайы аңдарды ау-
лап,  етімен қоректенді. Өзен-көлден балық ау-
лады. Қазақстанда Тас дәуірінің ескерткіштері 
Қаратаудан, Батпақ қонысы, Бетпақдала, Шу 
Балалар! 
Ойланыңдаршы, 
алғашқы адамдардың 
өмірі неге ауыр еді? 
Неліктен оларға 
бірлесіп өмір сүру 
қажет болды?


51
өзенінің оң жақ жағалауынан, Бұқтырма өзе-
нінің бойынан табылды.
Мыңдаған жылдар өткеннен кейін адам-
дар отты пайдалануды үйренді. Жабайы жа-
нуар 
ларды қолға үйретіп, мал өсіре бастады. 
Жер өңдеп, егіншілікпен айналысты. Адам 
тәжірибе жинақтады. Еңбек құралдарын одан 
әрі жетілдірді. Тас құралдардың орнына енді 
мыс пен қоладан, кейінірек темірден жасалған 
құралдарды пайдаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет