§14. і бөлім бойынша қорытынды қайталау мен білемін... Тарих – түрлі халықтардың қалай өмір
сүргенін, қандай оқиғалар болғанын, адам-
дардың өмірі қалай және неліктен өзгеріске
түскендігін зерттейтін ғылым.
Біздің еліміздің тарихы «Қазақстан тари- хы» деп аталады. Ол – дүниежүзілік тарихтың
бір бөлігі.
Өткен замандағы адамдардың өмірі мен
тұрмысы жайында олардан қалған тарихи де-
ректер, суреттер және жазулар арқылы білеміз.
Тарихи дерек дегеніміз – өткен өмір туралы
түрлі мәліметтер жиынтығы. Тарихтың сыры
мен құпиясын ашып көрсететін жазбалар жаз-
баша тарихи дерек деп аталады.
Археология – адамзаттың өткен тарихын
заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым.
Этнография – тайпалар мен халықтардың
шығу тегін, тұрмысын, кәсібін, салты мен әдет-
ғұрып ерекшеліктерін зерттейді.
Өлкетану – өлке, оның табиғаты, онда
тұратын халықтардың тарихы мен мәдениеті,
шаруашылығы туралы білім жиынтығы.